Ортопедия/травматология саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл білімді, дербес, тапқыр, этикалық жауапты, шығармашылық, ғылыми инновацияларға және демократиялық құндылықтарды тәрбиелеуге қызығушылық танытатын, мәселелерді толығымен шешуге және командада жұмыс істеуге қабілетті маманды даярлауға бағытталған бес жылдық бағдарлама.
Бағдарламаның жалпы мақсаты өз құзыреті шегінде білікті қызмет көрсете алатын және қатты жарақат жағдайында, ортопедиялық аурулар мен патологиялар жағдайында, тірек-қимыл аппаратының қатерлі ісігі жағдайында амбулаториялық және стационарлық ортопедиялық/травматологиялық көмек көрсете отырып, ортопедиялық аурулар мен жарақаттық зақымдануларды диагностикалау, емдеу,алдын алу, ауруханаға жатқызу және оңалту мәселелерін шешу үшін алған білімдерін, дағдылары мен біліктерін қолдана алатын травматолог-ортопед маманын даярлау болып табылады.
Кампус: Астана, Қазақстан, NU SoM ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту түрі: Күндізгі
Ұзақтығы: 5 жыл
Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.