Университеталды дайындық бағдарламасы (НУФИП) – Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі ұсынатын жылдық бағдарлама. Бағдарлама студенттерді жетекші университеттердегі бакалавриат бағдарламаларына дайындауға бағытталған.
Бағдарлама Академиялық ағылшын тілі, Математика және көшбасшылық негіздері курстарын қамтиды.
Бұл курстар студенттерге академиялық дағдыларды дамытуға және кез келген университетте бакалавриат бағдарламаларында сәтті оқуға дағдылануға көмектесу үшін жасалған. НУФИП бағдарламасын сәтті бітіру нәтижелері бойынша Назарбаев Университеті Бакалавр дәрежесін алу үшін студенттерді қабылдайды.
Бағдарламада «Назарбаев Университеті» мемлекеттік гранты бойынша оқуға болады, сондай-ақ бағдарламаны ақылы өту мүмкіндігі бар.
Кампус : Астана, Қазақстан
Тілі: Ағылшын
Оқыту нысаны: Күндізгі
Ұзақтығы: тамыз-мамыр
Кембриджге түсу емтиханы.
BALEAP (Британдық ағылшын тілі мұғалімдерінің академиялық мақсаттарға арналған қауымдастығы) аккредитациясынан өткен.