form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Медбикелік іс бакалавры

Медбикелік іс бакалавры (МІБ) бағдарламасы екі жыл (төрт семестр) оқудан кейін кәсіби біліктілікті беретін, «Медбикелі іс бакалавры» академиялық дәрежесін аяқтауға әкелетін күндізгі бөлімдегі бакалавриат оқу бағдарламасы болып табылады.

Қабылдау критерийлеріне сәйкес келетін және осы бағдарламаны сәтті аяқтаған медбикелер “Медбикелік іс бакалавры” академиялық дәрежесін алады. Тәжірибелік медбикелерге арналған бұл бакалавриат бағдарламасы медбикелердің медбикелік іс және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыс тәжірибесі және кәсіби білімі кезінде алған дағдыларына негізделеді.

МІБ бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін келесілер пайдаланылады: Пациенттер мен қауымдастықтарды медбикелік тереңірек бағалау; денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу; науқасты, отбасын және қоғамды оқуту; медбикелік тәжірибені, саясатты және жобаларды басшылыққа алу үшін дәлелді зерттеулерді пайдалану; және топтық жобалар бойынша ынтымақтастық. 

 

NU SoM кампусы бойынша виртуалды турды қарау 360 Virtual Tour

 

Жалпы ақпарат: 

Кампус: Астана, Қазақстан, NUSOM ғимараты

Оқыту тілі: орыс тілі

Оқу форматы: күндізге, кампуста

Ұзақтығы: 2 жыл

ECTS кредиттерінің жалпы саны: 240

 

 

Курстар

1-ші жыл

  • NUR 301 Клиникалық практикаға арналған тамақтану
  • NUR 302 Өмір бойы жүргізілетін физикалық бағалау
  • NUR 303 Егде жастағы адамдарға медбикелік күтім жасау
  • NUR 304 Іс жүзіндегі деректердің негізіндегі практикаға арналған базалық статистикаға кіріспе
  • NUR 305 Медбикелік іске арналған зерттеу әдістері
  • NUR 306 Жалпы хирургиядағы медбикелік іс: қатты ауырған және созылмалы аурулары бар пациенттерді кешенді емдеу
  • NUR 307 Мәдени әртүрлі халықтың денсаулығын нығайту және аурулардың профилактикасы
  • NUR 308 Кәсіптік медбикелік күтім жасаудағы байланыстарды жақсарту

 

2-ші жыл

  • NUR 401 Оқыту: медбикелік іске оқыту қағидаттары мен практикасы
  • NUR 402 Денсаулық сақтауды басқару қағидаттары
  • NUR 403 Денсаулық сақтаудың сапасын жақсартуға арналған деректерді талдау
  • NUR 406.1 Жалпы хирургиядағы медбикелік іс: кешенді хирургиялық емдеу
  • NUR 404 Үйде және қоғамда медбикелік қызмет көрсету  
  • NUR 405 Медбикелік істің мәселелері мен үрдістері 
  • NUR 406.2 Жалпы хирургиядағы медбикелік іс: кешенді басқару
  • NUR 407 Ғылыми жұмыс
  • (Медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға арналған зертеу + дәлелдемелік практика) 

 

Мансап

Бағдарлама түлектері мансаптық өсу мен ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау индустриясының әр түрлі салаларында жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бірін таңдай алады: 

әкімшілік немесе басқару позициялары, білім беру, зерттеу қызметі, консультациялық қызметтер, денсаулық сақтау қоғамдастықтары мен орталықтары, әлеуметтік қызмет.



Қабылдау талаптары

 

Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру