Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR) – жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. UASR Ұлы Жібек жолының тарихи жолында орналасқан елдердің жоғары оқу орындарын біріктіреді.
«Бір белдеу – бір жол» Қытай Халық Республикасы Үкіметі стратегиясының аясында Сиань көлік университеті (ҚХР) 2015 жылдың қаңтар айында Азия, Еуропа және Америка елдерінің шетелдік және отындық университеттерімен бірлесіп Альянс құру үшін «Жібек жолының Академиялық белдеуі» бағдарламасына бастамашылық етті.
Альянс жоғары білім беру, студенттермен алмасу, олардың білім беру тәжірибесін, мәдениетаралық коммуникациясын жетілдіру, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеулерді дамыту, студенттер арасында өзара түсіністік пен достықты нығайту, олардың таланттарын дамыту және Жібек жолының тарихи бағдарында және заманауи Еуразия аймағында орналасқан елдердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Қазіргі кезде 39-ға жуық ел мен аймақтың 167 Университеті, оның ішінде Сиань Транспорттық Университеті, Ливерпуль Университеті, Сингапур Ұлттық университеті, Харбин технологиялық Институты, Гонконг политехникалық Университеті, Милан техникалық Университеті, Мәскеу Энергетикалық Институты, Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Сент-Луистегі Вашингтон Университеті, Калифорния Мемлекеттік Нортридж Университеті және басқалары Альянстың мүшелері болып табылады.
Альянс туралы толығырақ ақпарат мұнда.