Азия Университеттерінің Альянсы 2017 жылғы 29 сәуірде құрылды. Назарбаев Университеті Альянстың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ашылу салтанаты Бейжіңде (Қытай) Цинхуа университетінде өтті. Альянстың бірінші жиналысына 400-ге жуық профессорлар мен 15 ЖОО өкілдері қатысты.
Альянстың қызметі жоғары білім, экономикалық, ғылыми және технологиялық даму саласындағы аймақтық және ғаламдық мәселелерді бірлескен түрде қарауға, мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Альянстың мүшелері 13 елдің 15 жоғары оқу орындары болып табылады:
Альянстың бірқатар құрылтайшы-мүшелері Times Hired Education рейтингі (бұдан әрі – THE) бойынша Азияның 2022 жылғы 10 үздік университеттерінің тобына және QS World University Rankings (QS) әлемдік рейтингі бойынша 2023 жылғы 50 үздіктер тобының құрамына кіреді.
|
Университет |
Азияның үздік университеттер рейтингі (THE) 2022 жыл |
Әлемнің үздік университеттеррейтингі (THE), 2022 жыл |
Азияның үздік университеттер рейтингі (QS), 2022 жыл |
Әлемнің үздік университеттер рейтингі (QS), 2023 жыл |
|
Сингапур Ұлттық Университеті |
3 |
21 |
1 |
11 |
|
Бейжің Университеті |
2 |
16 |
2 |
12 |
|
Цинхуа Университеті |
1 |
16 |
5 |
14 |
|
Гонконг ғылым және технологиялар Университеті |
9 |
66 |
9 |
40 |
|
Токио Университеті |
6 |
35 |
11 |
23 |
|
Сеул Ұлттық Университеті |
8 |
54 |
18 |
29 |
Қауымдастық туралы толығырақ ақпарат мұнда