барлық жаңалықтар
2 желтоқсан 2022 #Ғылым

"Жоғары Оқу Орнының Заманауи Кітапханасы" Тренинг-семинары

2 желтоқсан 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті кітапханасында «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: менеджмент, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары» атты тренинг семинары өтеді

2022 жылғы 5-9 желтоқсанда Назарбаев Университеті кітапханасы Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: менеджмент, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары» атты тренинг семинарын өткізеді. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын кітапханалық технологиялар мектебінің аясында өткізіледі.

Семинар тақырыптарында университет кітапханалары – университет табысының кепілі, кітапхана – университеттің ғылыми бағдарламасының белсенді қатысушысы, кітапхананың ғылыми деректерді басқаруға қатысуы, кітапхана – ақпараттық-білім беру инклюзиясының дирижері, университет кітапханасының жобалық қызметі, кітапхана тәжірибесіндегі маркетинг құралдары.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға Назарбаев Университеті кітапханасында біліктілігін арттыру сертификаты беріледі.

Семинар-тренинг туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.

 

Ұқсас жаңалықтар