5 наурыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU Кітапханасы өткізген форумда академиялық қоғамдастықта гендерлік теңдікті нығайту және Қазақстанның оқу орындарында гендерлік білім беруді ілгерілету мәселелері талқыланды.
Форумды үш университеттің – NU кітапханасында үш университеттің – NU, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері ұйымдастырды. Форумға NU-дың оқу ісі жөніндегі Вице-провосты Лоретта О'Доннелл, NU Кітапханасының директоры Джеральд Кавана, NU Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі профессор Юлай Шамилоғлы,м ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, БҰҰ-ның Қазақстандағы әйелдер өкілдігінің басшысы Дина Амришева, «Замандас21» қоғамдық қорының негізін қалаушы Ләззат Алшынбаева, сондай-ақ NU оқытушылары мен студенттері қатысты.

Форум барысында NU Вице-провосты Лоретта О'Доннелл университет қауымдастығының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау тәжірибесі және NU БҰҰ-дың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі міндеттемесі, оның бесіншісі – гендерлік теңдік мақсаты бойынша Қазақстанның салыстырмалы түрде жақсы көрсеткішке ие екенін атап өтті. «Гендерлік теңдік бәріміз үшін өте маңызды. NU-да cтуденттердің 50 пайызы әйелдер. Мұғалімдер арасында әлі 50 пайызға жеткен жоқпыз, әлі де жұмыс істеу керек. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әйелдер дүниежүзіндегі жұмыс уақытының 70% жұмыс істейді және әлемдік табыстың тек 10% алады. Сондықтан экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық тұрғысынан қауіпсіздік өте маңызды», - деді ол.
Ал, мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова қазақ қыздардың белсенділігі мен білімділігін атап өтіп, “жауапгершіліктің аясында шешім қабылдауға сондай бір жақсы мінез құлықтар қалыптасып келеді” деді. Дегенмен оның айтуынша, «кейде патриархалдық озбырлықтың ұшқындары» көптеген әулеттерімізге кері әсерін тигізетінін мойындау қажет.

Сарапшылар Қазақстанда әйелдердің еңбек етуі жеткілікті деңгейде бағаланбауда, статистика бойынша әйелдер отбасы мен отбасы мүшелеріне тегін қызмет көрсетуге үш есе көңіл бөлетіндегі туралы мағлұмат жариялады. Соның салдарынан еліміздің әлеуметтік және мәдени өмірінде әйелдер белсенді емес, бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама саласында жағымсыз гендерлік стереотиптер сақталуда дейді.
NU, ҚазЖенПУ және ЕҰУ бірлескен «Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы гендерлік білім берудің ғылыми тұжырымдамасы: теориялық және әдістемелік негіздері» ауқымды ғылыми жобасы аясында экономика, саясат және тарихтағы заманауи гендерлік білім беруді зерттеуге арналған. «Біздің зерттеуіміз гендерлік білім берудің маңыздылығын түсінуге негізделген; біз білім беру бағдарламаларын мәдениетіміздің ерекшеліктеріне бейімдеуге және студенттердің жынысына қарамастан білім алу және зерттеу үшін инклюзивті орта құруға тырысамыз», - деп атап өтті жоба жетекшісі Жазира Ағабекова.

Осы ғылыми жобаның аясында NU Кітапханасы гендер бойынша электронды библиографиялық ресурс әзірледі. Онда сенімді дереккөздер, оның ішінде қазақ тіліндегі, сондай-ақ гендерлік статистика бойынша ақпараттар бар. Гендер бойынша библиографиялық шолу үшін электронды ресурс – кітапханалық нұсқаулықтың тұсаукесерін Назарбаев Университетінің оқуды және оқуды қолдау жөніндегі кітапханашысы Елизавета Камилова жасады.
Сонымен қатар, жоба аясында үш университеттің ғалымдары гендерлік академиялық пәндердің деректер қорын құруды, «әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс, экономика, филологиялық бағдар» жаңа пәнаралық білім беру модулін, сондай-ақ Қазақстандағы гендерлік білім мәселелер бойынша электрондық ақпараттық каталогты әзірлеуді көздеп отыр.