20 тамыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізБұл күні NU барлық келушілерге есігін айқара ашады
2024 жылғы 14 қыркүйекте 10:00 мен 16:00 аралығы Астана қаласында өтетін Open House Day шарасына қатысуға шақырамыз!
Оқу орнының студенттері, түлектері, қызметкерлері мен оқытушылары сіздер үшін арнайы бағдарлама дайындап жатыр, онда THE рейтингі бойынша әлемдегі үздік оқу орындарының 30%-на кіретін Орталық Азияның жетекші университеті ұсынатын мүмкіндіктер, оқуға түсу ерекшеліктері, грант алу, жұмысқа орналасу, түрлі тесттерге дайындық және т.б. сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндік болады. Сондай-ақ осы күні зертханалар, кітапхана бойынша тур өткізіліп, мектептер мен департаменттер қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Оған қоса студенттік клубтар мен студенттердің өздері ойын-сауық шараларын өткізгелі отыр.
Толығырақ: open.nu.edu.kz