барлық жаңалықтар
28 маусым 2022

Назарбаев университетінің кампусында IQanat республикалық оқушылар слеті өтті

Назарбаев университетінің кампусында IQanat республикалық оқушылар слеті өтті

28 маусым 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

IQanat Олимпиадасының финалдық іріктеуіне 750 бала қатысты

21-24 маусым аралығында Назарбаев университетінің кампусында IQanat республикалық оқушылар слеті өтіп, оған еліміздің барлық облысындағы 164 аудан ауылдарынан 750 оқушы қатысты. Төрт күн бойы оқушылар Назарбаев университетінің жатақханаларында тұрды, тренингтерге,мотивациялық кездесулерге қатысты, НУ еріктілері Университет бойынша экскурсия өткізді.

Дегенмен, оқушылардың басты мақсаты Республикалық олимпиадаға қатысу еді.

 

Ұйымдастырушылар балалар жылына арналған флешмоб ұйымдастырып, еліміздің оқушыларын білім алуға және өзін-өзі дамытуға шақырды.


Слеттің соңғы күні IQanat High School of Burabay мектебінде оқуға шақыру алған 100 Олимпиада жеңімпазының есімі белгілі болды.

«Өте қуаныштымын және әлі күнге дейін IQanat грантын алғаныма сенбей жүрмін. Мен үшін бұл керемет мүмкіндік және оны міндетті түрде қолданамын. Болашақта қандай мамандық таңдасам да, Қазақстан тарихында өз ізімді қалдыруды армандаймын. Осы 5 күн ішінде біз ерекше шабыт пен білім алғанымыз соншалық, енді осының барлығын дұрыс арнаға бағыттау керек», - дейді Қарағанды облысы Абай ауданы Топал ауылынан келген Арман Айтқалиев.

"IQanat" олимпиадасы ауылдан келген мектеп оқушыларына IQanat High School of Burabay мектебіне түсуге, сондай-ақ жоғары білікті педагогтармен пікірлесудің баға жетпес тәжірибесін алуға, таныстар шеңберін кеңейтуге, жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға және соның нәтижесі ретінде әлемнің үздік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

Қордың өткен жылдардағы білім беру бағдарламаларының түлектері - ауыл мектептерінің оқушылары NU, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа озық жоғары оқу орындарына түсті.

 

Ұқсас жаңалықтар