17 тамыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU президенті Вакар Ахмад тағайындалғаннан бері алғаш рет 15-16 тамызда Алматыда іс–сапармен болды. Оңтүстік астананың білім және ғылым мекемелерінің негізгі өкілдерімен бірнеше кездесулер өткізді.
Сапар NU-дың университетаралық серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Профессор Ахмад сапарын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (KazNU) басқарма төрағасы және ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесуден бастады. Тараптар KazNU -дың даму жоспарлары мен екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. KazNU -дың механика-математика және химия факультеттерінің студенттері ғылыми жобалар мен диссертациялар жазу үшін NU зертханаларын жиі пайдаланады. Профессор Ахмад KazNU ректоры мен ғылыми қызметкерлерін 19-21 қыркүйекте NU-да өтетін Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Зерттеу күндеріне қатысуға шақырды.
Сондай-ақ NU президенті ҚР Президенті жанындағы Қазақ Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ахылбек Күрішбаевпен кездесіп, ғылым мен технологияны ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Бүгінгі таңда NU-дың үш көрнекті ғалымы – Дүрвудхан Сұраған, Дархан Біләлов және Дос Сарбасов академияның мүшелері. Профессор Дос Сарбасов Академияның вице-президенті болып тағайындалған. Күрішбаев өз тарапынан NU-мен бірлескен жұмысты жалғастыруға үміт білдіріп, жақын арада әлемнің ең үздік 30% университетінің қатарына кіретін университеттің Астана кампусына баратынын айтты.
.jpg)
Сонымен қатар профессор Ахмад Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллинмен де кездесті. Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) және EMBA мен DBA бағдарламалары бойынша NU Жоғары бизнес мектебімен ғылыми ынтымақтастықтың табыстылығын атап өттіп, Ғабдуллин мырза бірлескен ғылыми жобалар бойынша жұмысты кеңейтуді ұсынды.
Қытайдың бас консулы Цзян Вэймен Вакар Ахмад екіжақты ынтымақтастық, соның ішінде студенттер алмасу бағдарламаларын кеңейту және геология және әлеуметтік ғылымдар сияқты салалардағы жұмысты арттыру туралы кездесу барысында әңгімеледі. Профессор Ахмад Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоны 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған NU Сенат залындағы құрмет тақтасының ашылу рәсіміне шақырды.
.jpg)
Алматыдағы кеңсемен қатар профессор Ахмад оңтүстік астанадағы ISSAI филиалының жұмысымен танысты. ISSAI зерттеушілері «Soyle» тілді өңдеу және сөйлеу синтезі қосымшасы және қазақ тілін түсіну және жаңғырту үшін тілді үйрену моделі сияқты инновациялық жобаларын көрсетті.
NU президентінің Алматығы сапары университет түлектерімен кездесуімен аяқталды. Профессор Ахмад университеттің жоспарлары мен мақсаттарына кеңінен тоқталып, университеттің беделін нығайтудағы түлектердің маңыздылығын атап өтті. NU түлектері өздерінің жобалары, жоспарлары және альма-матермен өзара әрекеттесу идеяларымен бөлісті. NU президенті түлектердің жетістіктері мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін мақтаныш сезімін білдірді.
«Біздің Алматыдағы кеңсеміз шағын болғанымен, ол NU-ды насихаттау, студенттерді тарту, Алматының көптеген университеттерімен және кәсіпорындарымен байланыс орнату жұмысын, сонымен қатар Түлектер қауымдастығының бөлімінің үйі ретінде тамаша қызмет атқарып жатыр”, - сапарды қорытындылай отырып, деді доктор Вакар Ахмад.