10 желтоқсан 2023
#Оқиғалар
NU студенттері мен түлектері “Social Impact 2023” байқауының гранттарын жеңіп алды
10 желтоқсан 2023
Осы мақаламен бөлісіңіз
Әлеуметтік даму қорының әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздарының есімдері 7 желтоқсанда белгілі болды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелерін шешуге, қазақ тілін дамытуға және оқытуға, сүт безі қатерлі ісігінен хабардарлықты арттыруға, қыздар мен әйелдер арасында STEM білімін беруді дамытуға, ауыл жастарын жоғары оқу орындарына түсуге дайындауға және басқа мәселелерді шешетін белсенділер грант иегерлері болып атанды. Конкурс нәтижесінде жалпы сомасы 22 млн астам теңгені құрайтын 18 жоба грант иегері болып жарияланды, оның ішінде:
- Сатыбалдинова Мадина – «Аутизм спектрі бұзылған балаларға академиялық табысқа жету жолында қолдау көрсетудегі ата-ананың рөлі».
- Шинтемиров Ислам – «SheCodes», IT саласындағы қыздар арасындағы 24 сағаттық хакатон.
- Иниятова Гулфайруз – «Chemsaya», 7-8 сынып оқушылары арасында эксперименттер көрсете отырып химияны оқыту.
- Мәдет Аружан – «Asyq Arman», қазақ тілінде өсімдік және жасуша морфологиясы бойынша оқу материалдарын жасау.
- Искакова Аида – «Қыздың күнделігі», психологиялық қолдау көрсету және отбасы құрылымындағы әкенің әсері туралы жалпы хабардар болу.
- Смат Нұрлыгүл – «Қазақ тілінде көпшілік алдында сөйлеу, ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту және тәжірибе алу клубы».
- Мүптеке Марғұлан – «Myñ Shyraq», 5-9 сынып оқушылары үшін мектептен тыс іс-шараларды (жазғы лагерь түрінде) өткізу.
- Ақанова Инабат – «Taspa», қазақ тілін үйренуге арналған IOS қосымшасы.
- Арыстанбек Айзат – «Student Peace Ambassadors Transforming Schools», 8-11 сынып оқушылары арасында бейбітшілік елшілерін іріктеу және оқыту.
- Қорданова Гүлназ – «Connect-Ed», әлеуметтік осал санаттағы балаларға жаңартылған компьютерлерді жинау және сыйға тарту, 5-9 сынып оқушылары үшін цифрлық сауаттылық бойынша онлайн курс құру.
- Акишова Мақпал – «Breast Cancer Awareness», сүт безі қатерлі ісігімен күресу бойынша ақпараттық науқан жүргізу.
- Аскергали Нагимаш – «Businessvue Junior», ауыл оқушыларын кәсіпкерлікке үйрету.
- Аймурзиева Айнур – «Empowering Girls and Women through STEM Education in Kazakhstan and Central Asia».
- Нурмаганбетова Тогжан – «Күміс жаста – жаңа бастама», 45 жастан асқан жұмыссыз әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету.
- Ныгметжанова Дана – «AyulReach», ауыл мектептерінің оқушыларын жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
- Умирбаева Анель – «InBio», ғылым туралы хабардарлығын арттыру, STEM-ге қызығушылық танытатын жас студенттерге ақпараттық қолдау көрсету және ғылымды танымал ету.
- Ахмадиева Еркежан /Muhammad Habib Abdulla – «Ozge», халықтың әлеуметтік осал санатындағы оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
- Темиргалиева Айгерим – «Ayala», сүт безі қатерлі ісігінен аман қалғандар үшін ақпараттық қоғамдастық құру.
Шара барысында сарапшылар және Қордың бұрынғы жылдардың грант иегерлері өз тәжірибелері мен жобаларын жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтары туралы айтып, мәселелерді шешу тәсілдері мен әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру тетіктері туралы айтты. Биылғы жобаларды келесі сарапшылар бағалады:
- Асабаев Алпамыс – «NU Alumni» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, менеджмент және халықаралық қатынастар, гендерлік теңдік және тұрақты даму саласындағы сарапшы.
- Ахметов Мәулен – «Kunde» кафесінің негізін қалаушы, НУ түлегі, әлеуметтік кәсіпкер.
- Есембекова Гайни – NU-ң кәсіптік бағдар беру орталығының директоры/Білім беру және басқару саласындағы көшбасшылық саласындағы сарапшы, мансап бойынша кеңесші.
- Сабитова Алия – «Up&Go» жобасының негізін қалаушы, «Clover» қорының, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының және ерекше балаларға арналған «UP&GO» балалар орталығының тең құрылтайшысы.
- Шайхислам Дина – Назарбаев Университетінің түлегі, «Children’s Development Foundation» жобасының негізін қалаушысы, халықаралық жобалар бойынша кеңесші, саяси кеңесші.
- Зиябеков Бахнур – «Hello Aul» жобасының негізін қалаушысы, «Alpha Academy» қоғамдық ұйымының негізін қалаушысы, Қазақстан математиктер қауымдастығының Вице-президенті, білім беру және кәсіптік бағдар беру саласындағы сарапшы.

Еске сала кететін болсақ, «Social Impact 2023» конкурсы Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік инновацияларын қолдау мақсатында өткізілді. Жобаларды іске асыру қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге және Назарбаев Университетінің экожүйесін одан әрі дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді, мұнда оның әрбір мүшесі өзінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыра алады, өзінің алма-матермен байланысын сақтай алады және жобаларды басқару дағдыларын дамыта алады.