18 қараша 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз13–14 қараша күндері Nazarbayev University-де оқу орнының 15 жылдығына орай NU Staff Games өтті.
Шараны NU Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті ұйымдастырды. Спорттық сайыстарға барлығы 120 қызметкер қатысты.
Ойындардың алғашқы күнінде қатысушылар алдында NU президенті Вакар Ахмад сөз сөйледі.
«Құрметті әріптестер, біз бірге әлемдік деңгейдегі университетті қалыптастырып келеміз. Құрылғанына 15 жыл ғана болғанына қарамастан, болашақ жетістіктер үшін мықты негіз қалап үлгердік. Рейтингтердегі барлық нәтиже — осында отырған әрқайсыңыз — профессорлар, әкімшілік қызметкерлер, техникалық мамандар және басқа да әріптестер еңбектерінің жемісі. Бұл жетістіктерді бірге атап өту өте маңызды», — деді ол.
Сайыс келесі спорт түрлері бойынша өтті: арқан тарту, эстафета, волейбол, үстел теннисі, футзал және баскетбол. Барлығы 38 команда құрылды. Ойындар университеттің Атлетикалық және Спорт орталықтарында өтті.
Жеңімпаздар:
Most Valuable Player (MVP) атағы Ербол Смағұловқа берілді.
Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Сондай-ақ шабыт, энергия және жұмыста жаңа жетістіктер тілейміз!