7 маусым 2024
Осы мақаламен бөлісіңізБиыл 1 500-ден астам адам, оның ішінде 54 шетелдік студент диплом алып отыр.
Рәсім курстың үздік студенттері, ЖОО басшылығы мен профессорларының, Парламент депутаттарының, университеттің Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің, министрліктер мен компаниялар өкілдерінің, сондай-ақ өткен жылдардағы түлектердің қатысуымен әлемдегі ең мықты жоғары оқу орындарының үлгісінде өтті.
Салтанатты рәсім академиялық сап түзуден басталды: рәсімнің Бас маршалы, биыл бұл рөлді Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры Майкл Льюис алып отыр, скипетрмен сахнаға шықты – бұл университет рәсімдерінің маңызды атрибуттарының бірі. Ол ұлттық қамшы пішінінде жасалған, шаңырақ пен кристалдан тұрады, 5 қыры ЖОО-ның стратегиялық мақсаттарын бейнелейді. Дәстүр бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларының барлық түлегі әр мектептің айрықша жалауларымен мантия киіп Қамқоршылар кеңесінің мүшелері мен сахнада отырған профессорлар алдынан өтіп, өз орындарына жайғасты. Қазақстан әнұраны орындалғаннан кейін, дан кейінгі бір минут үнсіздіктен соң NU президентінің м.а. Илесанми Адесида құттықтау сөзін сөйледі.

NU елдің, өңірдің және әлемнің дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретін стратегиялық платформа ретінде құрылған, деді ол. «Өздеріңіз білетіндей, Nazarbayev University жақында Times Higher Education (THE) әлемдік рейтингінде үздік 30%-ға кірді. Дайындық мектебі, Жоғары Мемлекеттік саясат және бизнес мектептері, Медицина мектебі академиялық бағдарламалары аккредитация алып, сондай-ақ Инженерия және цифрлық ғылымдар, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектептері, математика, физика, химия және биология салалары бойынша бағалау сатысында тұрмыз. Біз Еуропалық университеттер қауымдастығының оң бағасын алдық. Әрі қарай әлемдегі ең мықты университеттермен тең дәрежеде серіктес болуға тырысамыз», - деді доктор Адесида. Ол сондай-ақ түлектерді елдегі маңызды өзгерістердің басында тұру үшін батыл және еңбекқор болуға шақырды.
Биыл 1 507 адам диплом алды, оның ішінде 54 шетелдік студент бар: атап айтқанда, 1 038 бакалавр, 408 магистр, 42 PhD және 19 медицина докторы. Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (565 түлек) және Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі (582 адам) ең көп маман дайындады. Медицина мектебін биыл 139 студент, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебін 57 адам бітірді. Жоғары Бизнес, Білім беру және Мемлекеттік саясат мектептері 164 маман дайындады.
“Осы төрт жыл ішінде біз көп нәрсені бастан өткердік. Пандемия кезеңі, саяси өзгерістер және тағы басқалары. Осы қиындықтарға қарамастан, біз бүгінде әлем университеттердің үздік 30%-ына кіретін университетті бітіріп жатырмыз. Зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілетіміз бен сіңірген ақыл-ойды университетке, елімізде және адамзатқа көмектесу үшін қолдануға міндеттіміз деп санаймын. Компьютерлік ғылымдар маманы ретінде мен теміржол қауіпсіздігі жүйесі бойынша жұмыс істедім және оның жақын арада жүздеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетініне қуаныштымын”, — деді Ерасыл Қадыржанов, NU-дың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі, Студенттік Үкіметінің бұрынғы президенті.

Университеттің миссиясы – қазақ қоғамының барлық саласында және одан тыс жерлерде мемлекеттік саясат пен бизнестен бастап, білім мен ғылымға дейін өзгерістердің басында тұратын біліктілігі жоғары мамандарды даярлау, деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов. «NU – Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі жетекші университеттердің бірі, біз мұны үлкен мақтанышпен айта аламыз. Мұндай университетте білім алу – біздің студенттер үшін мақтаныш қана емес, сондай-ақ үлкен жауапкершілік. Сондықтан олар университет қабырғасында жүріп алған білімдерін елімізді және экономикамызды дамыту үшін пайдаланады деп сенемін. Барлық түлектерге табыс тілей отырып, оқытушыларға да алғыс айтқым келеді», - деді Аймағамбетов NU бакалавриатты аяқтаған 10 үздік студентке диплом табыстағаннан соң.
Сонымен қатар түлектерді оқу бітіруімен ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады. Ол биыл бітіріп отырған үздік магистрлер мен докторларға дипломдарын табыстады. «Сынға және кейбір жеке пікірлерге қарамастан, NU – елдің негізгі зерттеу университеттерінің бірі. Елдегі инновациялық зерттеулер мен жоғары білімге жетекшілік ете отырып, ол сіздер сияқты талантты көшбасшыларды тәрбиелейді. Мен өз сөзімді NU оқытушылары мен басшылығына, ғылыми инфрақұрылымға, сіздердің адалдықтарыңыз бен еңбекқорлығыңызға алғыс айтудан бастадым. NU әлемдегі ең үздік 100-ге жуық жас университеттің және Азиядағы үздік ЖОО-лардың 11%-ы қатарына кірді және, әрине, Қазақстандағы №1 зерттеу университеті болып отыр», - деді Саясат Нұрбек. Ол сондай-ақ мемлекет ғылыми зерттеулерге, инновациялық жобаларға және жоғары білім беруді дамытуға инвестиция салуды, сондай-ақ жас мамандарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Салтанатты шарада барша түлектер атынан NU Жоғары бизнес мектебінің MBA бағдарламасының түлегі Ербол Төлегенов сөз сөйледі. Ол өзінің жолы туралы және білім мен адалдықтын маңыздылығы туралы ой тарқатты. «Әр қайсынызда тәлімгер бар осы университетке түсуге көмектескен. Бүгін қонырау шалым немесе кездесіп оларға рақметтерінізді айтуға үмытпаныздар. Менің де осындай тәлімгерім болды, ол маған білімнен шынайылық, ал дәрежеден білім маңызды екенін түсінуге көмектесті.Университет менің өмірімді күрт өзгертті, тіпті жаңа өмірге жолдама берді. Бітірген кейін мен стартегиялдлық консалтингте жұмыс істедім, елге пайдалы реформалар және жоспарлар жасадық. Президенттік жастар кадр резервіне кірдім және қазір мен қазақстандық «CSI Stat» деген IT-компаниясының басшысымын”, - деп түлектерді Қазақстанның дамуына үлес қосуға шақырды.
Алғашқы бітіру салтанатынан бастап инженерия, жаратылыстану ғылымдары, технологиялар және гуманитарлық ғылымдар салалары бойынша барлығы 8 746 адам NU дипломын алды. Биылғы түлектерді және оқуын жалғастырып жатқан студенттерді қоса санағанда, 15 мың адам NU “ДНҚ-сын тасымалдаушы” қауымдастықты құрайды. Олардың негізгі ерекшеліктері – академиялық адалдық пен транспаренттілік қағидаларын ұстануы, сыни ойлау қабілеті мен білімге құмарлығы, бастамашылдығы.
Жұмыспен қамтылған түлектердің басым бөлігі Қазақстанда жұмыс істейді және 8 пайызы әлемнің жетекші компанияларында тәжірибе жинақтап жатыр. Енді, NU-ды бітіргеннен кейін 10 бакалаврдың төртеуі Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында, соның ішінде NU-да немесе шетелде оқуын жалғастыруда. Олардың білімі Колумбия, Гарвард университеттерінде, Массачусетс технологиялық институтында, Сингапур ұлттық университетінде, Сеул ұлттық университетінде, Король Абдалла атындағы Ғылым және технологиялар университетінде, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетінде және т.б. білім ордаларында жоғары бағалануда, бұл NU беретін білім сапасы мен оның жоғары беделінің бірден-бір дәлелі.
Бірқатар фотосуреттердің авторы Арман Мұхатов