29 ақпан 2024
Осы мақаламен бөлісіңізЖыл сайынғы қаржыландырудан басқа NU еліміздің мемлекеттік бюджетінен нысаналы салым алып тұратын. Оның жойылуы университеттің қызметіне ешқандай әсер етпейді, деді NU-дің атқарушы вице-президенті Аслан Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, бұрын нысаналы салым ғылыми-білім кешенінің құрылысына және оның материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалса, қазір NURIS-тің және кейбір UMC шығындарына жұмсалады. Енді NU демеушілік қаражатты тартуға назар аударатын болады, деді ол 24.kz телеарнасына берген сұхбатында.