барлық жаңалықтар
23 қараша 2022 #Оқиғалар

NU магистратура және докторантура бағдарламаларының үміткерлеріне арналған ақпараттық сессия

NU магистратура және докторантура бағдарламаларының үміткерлеріне арналған ақпараттық сессия

23 қараша 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU магистратура және PhD бағдарламалары бойынша Алматыда өтетін ақпараттық сессияға шақырады

Іс-шара барысында қатысушылар NU оқу бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері, оқуға түсу шарттары жөнінде туралы ақпаратты алып, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, студенттерімен танысуға мүмкіндікке ие болады.

Іс-шара бағдарламасында профессорлық-оқытушылар құрамы дайындаған арнайы презентациялар мен мастер-класстар, сондай-ақ NU бейнесімен сыйлықтар ойнатылатын байқаулармен жүлделер ұтысы болады. Бағдарлама мына сілтеме бойынша қол жетімді.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2022 жылдың 26 қарашасында сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін (Алматы уақыты бойынша) оффлайн режимде өтеді.

Өтетін орыны: Алматы қаласындағы Назарбаев Университетінің офисі, Қабанбай батыр көшесі, 140А, 2 қабат. 

Төмендегі форма арқылы тіркеліңіз:

 

Қосымша сұрақтарыңыз болса, Байланыс орталығына +7 7172 642584,  +7(747)0940230 телефондары және info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы  хабарласуға болады.

 

Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!

Ізгі ниетпен,

Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі

 

Ұқсас жаңалықтар