22 тамыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізСаммиттегі талқылаулар цифрлық білім беру және оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалану төңірегінде алғаш рет болып отыр.
Саммиттегі талқылаулар цифрлық білім беру және оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалану төңірегінде алғаш рет болып отыр. «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммиті Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500 мыңнан астам білім беру саласының қызметкерлердің басын қосты. Үш күндік саммит жасанды интеллект көмегімен жасалған цифрлық өнімдерден тұратын көрмеден басталды. Саммит аясында шеберлік сыныптар, пленарлық отырыстар мен секциялық отырыстар да жоспарланған. Бұл ауқымды шараға NU Жоғары білім беру мектебі дәстүрлі түрде қатысады.
NU президенті Вакар Ахмад: «Мұғалімдердің республикалық саммитінде білім беру үдерістерін цифрландыру және оқу процесіне ЖИ-ті енгізудің өзекті тақырыбы талқылануда. Университетіміздің Жоғары білім беру мектебі жыл сайын білім беру қызметкерлерінің тамыз саммитіне қатысады. Профессорларымыз елдегі педагогикалық колледждер мен ауыл мектептерінің директорларына өз тәжірибелерін таратады. Мектеп кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеу барысында цифрлық технологияларды пайдаланады. Біздің профессорлар жетекшілік ететін секциялардың қатысушыларымен мектеп директорларының оқыту үдерісінде цифрлық құралдарды қалай пайдалана алатынын туралы айтып, оқытуға инновацияларды енгізудің сәтті стратегияларымен бөліседі. Осылайша, университет мұғалімдер мен мектеп басшыларына өз жұмыстарын дамытуға, бейімделуге және табысқа жетуге көмектесу арқылы елдің педагогикалық кадрларының кәсіби өсуіне қолдау көрсеті жатыр».
Саммиттің бірінші күні өткен сессиялардың бірі техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мұғалімдерді қолдауға арналған. Жоғары білім беру мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі директоры Жаңыл Жонтаева мен докторант Андрей Щербаков жоғары цифрлық технологияларды қалай қолданатынын туралы айтып берді. Жоғары білім беру мектебінің бағдарламалары зерттеуге негізделген және цифрлық құралдарды пайдалану арқылы педагогтардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Сонымен қатар ауыл мектептерінің директорлары үшін мектеп көшбасшылығы туралы жеке секция да ұйымдастырылады. Сессия барысында қатысушылар цифрландырудың қиындықтары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып өз мектептерін қалай басқара алатынын туралы ақпарат алады. Цифрлық дәуірдегі мектептердегі көшбасшылық туралы NU Жоғары білім беру мектебінің PhD бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Мир Афзал Таджик және ассистент профессоры Қайрат Құрақбаев әңгімеледі. Жоғары білім беру мектебінің ғылыми жұмыстар жөніндегі деканының орынбасары Цедисо Майкл Макоэлле «Цифрлық инклюзивті білім беру» тақырыбында баяндама жасады. Мұғалімдердің тамыз саммиті – біліммен бөлісіп, ұлттық білімнің болашағын қалыптастыратын ұстаздармен берік байланыс орнатуды жалғастыру мүмкіндігі, деді ұйымдастырушылар.