барлық жаңалықтар
27 қазан 2020 #Оқиғалар

1500-ден астам қазақстандықтар COVID-19 жұқтыру ықтималдығын өз бетінше анықтады

27 қазан 2020

Осы мақаламен бөлісіңіз

Міне, бір айдан бері қазақстандықтар «ақылды» тестіні белсенді пайдаланып келеді және үй жағдайында COVID-19 жұқтыру ықтималдығын бағалай алады. Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басынан бастап онлайн-тест https://covistop.asia/covid-test/  сайтында барлығына тегін қол жетімді. Мәселен, вирусты жұқтыру ықтималдығын 1500-ден астам қазақстандық бағалап үлгерген.

Әзірлеушілер тест нәтижелері нақты диагноз бермейді және медициналық қорытынды емес деп ескертеді. Алайда, тесттің арқасында енді қазақстандықтар COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығына қатысты өз денсаулығының жай-күйін өз бетінше талдай алады.

«Нәтижелерді түсіндірудің дәлдігін жақсарту үшін біз кейбір сұрақтарды толықтырдық және өзгерттік. Сонымен қатар, қазір пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін кеңестер мен ұсыныстар беріледі», - дейді тестіні әзірлеушілердің бірі Юсуп Тумгоев.

Естеріңізге сала кетейік, тест сұрақтар мен жауап нұсқалары бар сауалнама түрінде ұсынылған. Тесттің жұмыс принципі нейрондық желіге - жасанды интеллект технологиясына негізделген. Нейрондық желі COVID-19 вирусының негізгі белгілері, тәуекел топтары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хаттамалары туралы бағдарламалық ақпаратты ескере отырып, COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығын есептейді.

Қазір әзірлеушілер «ақылды» тест алгоритмдерін жақсарту барысында. Сонымен қатар, жақын арада олар соңғы зертханалық зерттеулер мен IT әзірлемелерін қамтитын COVID-19 вирусын жұқтыруды диагностикалаудың жаңа нұсқасын жасауды жоспарлап отыр.

[su_slider source="media: 46606,46607,46608,46609" link="image" width="1600" height="900" title="no"]

Ұқсас жаңалықтар