барлық жаңалықтар
21 қазан 2022 #Оқиғалар

Мета Жібек жолы: AUA жастар форумы НУ-да басталды

Мета Жібек жолы: AUA жастар форумы НУ-да басталды

21 қазан 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

Қазақстан, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ,Малайзия, Индия және басқа елдердің студенттері шынайы және виртуалды әлемде мәдениеттердің интеграциясын талқылайды.

2022 жылғы 24-28 қазан аралығында Назарбаев Университетінде (НУ) «Мета-Жібек жолын құру: нақты және виртуалды әлемде азиялық мәдениеттердің интеграциясы» тақырыбында Азия университеттері альянсының (AUA) Халықаралық жастар форумы өтеді. Назарбаев Университеті Альянс мүшелері яғни Азияның сегіз университетінің студенттерін қабылдайды. НУ-нің студенттерімен бірге олар шеберлік сабақтары мен семинарларға қатысып, Бурабай шипажайына барып, елорданың көрікті жерлерін аралайды.

Жастар форумы Азия аймағындағы өзекті мәселелерді шешуге, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, Альянс студенттері арасындағы мәдени және академиялық алмасуды ілгерілетуге арналған AUA-ның жыл сайынғы жетекші  пікірталас алаңы болып саналады.

Форум жыл сайын AUA–ның жыл тұжырымдамасына сәйкес белгілі бір тақырыпқа назар аударады. Биыл жасанды интеллект, деректер ғылымы, азиялық өркениет және қоршаған ортаның болашағына қатысты мәселелерге назар аударылады.

"Біз AUA жанұясындағы бауырлас институттардың студенттерін Мета-Жібек жолы форумының мүшелері ретінде қарсы алуға қуаныштымыз. Жасанды интеллект пен интеллектуалды жүйелер өмірдің инфрақұрылымына айналды. Форумда олардың бизнес, қаржы салаларымен, қоршаған ортамен қиылысуын және олардың ежелгі Жібек жолының жүрегіндегі мәдениетке әсер ету зерттейді», - деді университет Провосты Илесанми Адесида.

Жастар форумы бағдарламасы шеңберінде НУ-нің профессорлары шеберлік сабақтарын өткізеді. Тақырыптар: «AI зерттеулері, AR/XR/VR, деректер ғылымы және компьютерлік графика», «Қоршаған ортаның денсаулығындағы АИ», «Киберқауіпсіздік және блокчейн», «Деректер – бұл жаңа мұнай, деректер талдауына негізделген Alibaba-ның миллиардтаған долларлық бизнес үлгісі», «Жібек жолы мұрасын сақтау: қиындықтар мен шешімдер». 

Университеттің «Рухани жаңғыру» Мәдени орталығы ұлттық өнер бойынша шеберлік сыныбын ұсынады.

Назарбаев Университеті 2017 жылы Цинхуа университетінің бастамасымен құрылған Азия университеттері альянсындағы Орталық Азия өңіріндегі тұңғыш әрі әзірге жалғыз өкілі болып табылады. Альянс құрамына Азиядағы 15 университет кіреді, оның ішінде Гонконг ғылым және технология университеті, Үндістан технологиялық институты, Сингапур ұлттық университеті, Пекин университеті, Токио университеті және тағы басқаралары бар.

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу 2017 жылы АУА- ның Бейжіңде өткен бірінші саммитінде «Қазақстан Еуразияның қақ ортасында, Шығыс пен Батыстың арасында орналасқан, сондықтан мен тек Батыспен ғана емес, Азия университеттерімен де ынтымақтастықты дамыту маңызды деп ойлаймын. Альянс университеттердің өздері үшін де, олардың студенттері үшін де пайдалы болады», - деген еді.

AUA миссиясы - серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы аймақтық және жаһандық мәселелерді, әсіресе жоғары білім мен экономикалық, ғылыми және технологиялық дамуға қатысты мәселелерді бірлесіп шешу.

АУА Жастар форумынан басқа, ынтымақтастық аясында кең ауқымды іс-шаралар өткізеді. Атап айтқанда, студенттермен алмасу, шетелдік оқу бағдарламалары, таңдалған пәндер бойынша қысқа курстар, мәдени және спорттық іс-шаралар, ғылыми конференциялар. AUA стипендиялық бағдарламасы AUA-ға мүше университеттер арасында стипендиаттардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған. Оның аясында жыл сайын AUA-ның басқа шетелдік университетіне қысқа мерзімді академиялық мақсатта сапарлағасы келетін 60-қа дейін стипендиатқа қаржылық қолдау көрсетіледі. Осы бағдарлама бойынша Назарбаев Университетінің үш ғалымы 2020-2021 жылдарға арналған стипендияны жеңіп алды.

AUA мүшелері: Чулалонгкорн университеті, Гонконг ғылым және технология университеті, Үндістан технологиялық институты, Сауд Арабиясы Король университеті, Сингапур ұлттық университеті, Назарбаев университеті, Пекин университеті, Сеул ұлттық университеті Университет, Цинхуа университеті, Біріккен Араб Әмірліктері университеті, Индонезия университеті, Коломбо университеті, Малая университеті, Токио университеті, Янгон университеті.

Ұқсас жаңалықтар