барлық жаңалықтар
19 шілде 2021 #Оқиғалар

«Kazakhstan Startup Pitch Day» онлайн питч сессиясы өтті

«Kazakhstan Startup Pitch Day» онлайн питч  сессиясы өтті

19 шілде 2021

Осы мақаламен бөлісіңіз

2021 жылғы 13 шілдеде ROTOBO жапондық қауымдастығымен бірлесіп, NURIS Инновациялық кластері ұйымдастырған “Kazakhstan Startup Pitch Day” онлайн питч сессиясы өтті. Іс-шараның мақсаты – Назарбаев Университеті инновациялық кластері бағдарламалары түлектерінің стартап-жобаларын сыртқы нарыққа шығару бойынша шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту.Онлайн питч сессиясының шеңберінде алты перспективті стартап-жобалардың негізін қалаушылар Live режимінде инвесторларға өздерінің инновациялық шешімдері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. “Kazakhstan Startup Pitch Day” онлайн питч сессиясында мынадай жобалар таныстырылды:.

Teacherslab – авторлық оқыту материалдарын сатуға және сатып алуға мүмкіндік беретін, мұғалімдерге арналған маркетплейс.
Okoo – оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектпен бағдарламалау жөніндегі интерактивті онлайн-білім беру платформасы.
Optoculus – күрделі объектілердің шекарасын қорғау және мониторинг жүйесі.
Emotion – қатысушылармен барынша тиімді қарым-қатынас жасау және қолдау арқылы әртүрлі тақырыптық «шақыруларға» қатыса отырып, пайдаланушыларды мақсаттары мен мүдделері бойынша біріктіретін онлайн-платформа.
Opusplace – офисті басқарудың бірыңғай платформасы: офистік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден бизнестік кез келген қажеттіліктеріне дейін.
HCF – көмірді арзан, экологиялық таза әрі газ бен көмірге қарағанда энергетикалық құндылығы жоғары, сұйық гидрогенделген отынға ауыстыру.

2021 жылғы 19-23 шілде аралығында жапондық инвесторлар мен компаниялардың  қызығушылығын тудырған стартап-жобалар арнайы іскерлік кездесуде одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін талқылайды.

Kazakhstan Startup Pitch Day Ресей, ТМД және Жапонияның IT саласындағы өзара іс-қимылын қолдайтын бірегей платформасы болып табылатын SAMI компаниясының көмегімен өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар