барлық жаңалықтар
18 қараша 2025 #Оқиғалар

NU Staff Games 2025 қалай өтті

NU Staff Games 2025 қалай өтті

18 қараша 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

13–14 қараша күндері Nazarbayev University-де оқу орнының 15 жылдығына орай NU Staff Games өтті.

Шараны NU Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті ұйымдастырды. Спорттық сайыстарға барлығы 120 қызметкер қатысты.

Ойындардың алғашқы күнінде қатысушылар алдында NU президенті Вакар Ахмад сөз сөйледі.

«Құрметті әріптестер, біз бірге әлемдік деңгейдегі университетті қалыптастырып келеміз. Құрылғанына 15 жыл ғана болғанына қарамастан, болашақ жетістіктер үшін мықты негіз қалап үлгердік. Рейтингтердегі барлық нәтиже — осында отырған әрқайсыңыз — профессорлар, әкімшілік қызметкерлер, техникалық мамандар және басқа да әріптестер еңбектерінің жемісі. Бұл жетістіктерді бірге атап өту өте маңызды», — деді ол.

Сайыс келесі спорт түрлері бойынша өтті: арқан тарту, эстафета, волейбол, үстел теннисі, футзал және баскетбол. Барлығы 38 команда құрылды. Ойындар университеттің Атлетикалық және Спорт орталықтарында өтті.

Жеңімпаздар:

  • Арқан тарту — Bulshyket Brigadasy
  • Эстафета — Fantastic 4
  • Волейбол — ITeam
  • Үстел теннисі — Октябрь Медетхан (ерлер), Айгүл Фазылбаева (әйелдер)
  • Футзал — NU Eagles
  • Баскетбол — One Spirit

Most Valuable Player (MVP) атағы Ербол Смағұловқа берілді.

Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Сондай-ақ шабыт, энергия және жұмыста жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Ұқсас жаңалықтар