9 қыркүйек 2022
Осы мақаламен бөлісіңіз2022 жылғы 8 қыркүйекте Марокконың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Рашид Маанину Назарбаев Университетіне «Марокконың экономикалық даму моделі» тақырыбында қонақтық дәрісімен келді.
Дәріске университеттің әртүрлі мектептерінен барлық қызығушылық танытқан студенттер қатысты.
Мохаммед Рашид Маанину келесі бағыттар бойынша білім алған: туризм, менеджмент және экономика. Еңбек жолын 1994 жылы қонақүй бизнесінен бастады. Марокко ұлттық туристік кеңсесінде, Марокко Жастар және спорт министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде ілгерілету және экономикалық ынтымақтастық департаментінде басшылық қызметтерді атқарған. Марокконың Нұр-Сұлтандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Одақ Бас хатшысының Жерорта теңізі бойынша орынбасары болды.

Мааниноу мырза өзінің презентацицясын Марокко экономикасының ағымдағы жай-күйі туралы жаңартудан бастады, одан кейін Марокконың тұрақты энергетика агенттігі “Masen” презентациясымен өтті. Дәріс барысында Марокко туралы таныстыру видео де көрсетілді. Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізілді, онда қатысушылар барлық сұрақтарын қоя алды.