барлық жаңалықтар
24 мамыр 2017 #Оқиғалар

Еуропа университеттерінің ұлы хартия обсерваториясының бас хатшысы Назарбаев Университетіне келеді

Еуропа университеттерінің ұлы хартия обсерваториясының бас хатшысы Назарбаев Университетіне келеді

24 мамыр 2017

Осы мақаламен бөлісіңіз

Осыдан бұрын хабарлағанымыздай, 31 мамырда Жоғары білім беру көшбасшыларының VI Еуразиялық форумы өз жұмысын бастайды.

Осыдан бұрын хабарлағанымыздай, 31 мамырда Жоғары білім беру көшбасшыларының VI Еуразиялық форумы өз жұмысын бастайды. Іс-шараға «Magna Charta Observatory» Бас хатшысы - Дэвид Локк шақырылды. Профессор Локктың халықаралық жоғары білім беру және университетті басқару саласындағы тәжірибесі мол.

Ұлыбританияның Жоғары білім беру саласындағы басқару қорының халықаралық жобалар жетекшісі ретінде ол түрлі елдерде 30-дан астам жобаларды әзірлеумен және іске асырумен айналысты. Форумның шеңберінде университет дербестігі мен университеттегі басқару модельдеріне арналған панельдік сессиядағы Дэвид Локктың баяндамасы көрнекті болып табылады. Спикер туралы толығырақ EHELF-тің ресми сайтынан білуге болады.

Ұқсас жаңалықтар