барлық жаңалықтар
4 қазан 2024 #Оқиғалар

Enactus World Cup 2024 қатысушылары NU Медицина мектебіне келді

Enactus World Cup 2024 қатысушылары NU Медицина мектебіне келді

4 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

2024 жылғы 2 қазанда NU Медицина мектебіне Enactus World Cup 2024 қатысушылары келді

Әртүрлі елдерден келген студенттер NU Медицина мектебінің білім беру мүмкіндіктерімен танысып, Қазақстандағы медициналық зерттеулер мен денсаулық сақтау саласына қосқан үлестері туралы білді.

Қазақстанда алғаш рет Enactus World Cup 2024 өткізілуде - бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Enactus World Cup – 33 елден келген студенттерді, кәсіпкерлерді, академиялық жетекшілерді және корпоративтік бизнес басшыларын біріктіретін шара. Іс-шараның мақсаты – студенттік кәсіпкерлікті дамыту, жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тарту және шағын және орта бизнеске жол ашу.

Сапар барысында студенттерге NU Медицина мектебінің профессорлары әртүрлі тақырыптарда дәріс оқыды, соның ішінде «Денсаулық сақтау саласының болашақ көшбасшыларын даярлау», «Тұрақты даму мақсаты 3: Салауатты өмір салты және әл-ауқат» және «Халық денсаулығын зерттеудегі үлкен деректер мен жасанды интеллекттің рөлі».

Студенттер NU Медицина мектебінің ғылыми-зерттеу және білім беру инфрақұрылымымен танысты. Олар 3D цифрлық анатомия зертханасына, биомедициналық зерттеулердің ғылыми зертханасына және Симуляциялық орталыққа барды, онда студенттер, тәжірибелі дәрігерлер, медбикелер және басқа мамандар профессорлар мен арнайы оқытылған нұсқаушылардың жетекшілігімен манекендерде, тренажерлер мен жоғары технологиялық жабдықтарда клиникалық дағдыларды үйреніп, жетілдіреді.

 

Ұқсас жаңалықтар