барлық жаңалықтар
24 мамыр 2017 #Оқиғалар

Назарбаев Университетінің Кітапханасы тәжірибені трансляциялайды

Назарбаев Университетінің Кітапханасы тәжірибені трансляциялайды

24 мамыр 2017

Осы мақаламен бөлісіңіз

31 мамырда Жоғары білім беру көшбасшыларының жыл сайынғы Еуразиялық форумы (EHELF) аясында «Кітапханалық өзара әрекеттесу - 2017: университет кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер («Library Connect-2017»)» атты кәсіптік семинар өткізіледі.

Осы іс-шараны Қазақстанның ЖОО кітапханаларының жетекші мамандары мен басшылары күтіп отыр. Назарбаев Университетінің Кітапханасы өткен жылғы Library Connect іс-шарасынан шамамен 80-100 маман, оның ішінде онлайн-трансляция арқылы жиналған көптеген жақсы пікірлер алды.

Биыл семинар барысында таяу және қиыр шет елдердің кітапханашыларының баяндамалары, мастер-кластары ұсынылады, университеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша практикалық сабақтар мен консультациялар өткізіледі. Осы іс-шара туралы толығырақ «Литер» газетінің беттерінен оқи аласыздар немесе Форумның сайтында бар.

Ұқсас жаңалықтар