16 қыркүйек 2022
Осы мақаламен бөлісіңізҚұрметті Алматы қаласының тұрғындары,
2022 жылдың 1 қазанында Назарбаев Университеті Алматы қаласында Ашық есіктер күнін өткізеді.
Іс-шара келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ. Достық үйі, Тулебаев к-сі 40.
Қатысушылар бұл іс-шарада Назарбаев Университетінің оқу бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, түлектерімен танысып, оқуға түсу шарттары жөнінде ақпаратты ала алады.
Іс-шара бағдарламасына презентациялар мен мастер-кластар, байқаулар мен ұтыс ойындары кіреді.
Төмендегі форма бойынша іс-шараға тіркеліп, осы мәліметпен отбасы мүшелеріңіз, достарыңыз және таныстарыңызбен бөлісіңіз.
Тіркелгеннен кейін поштаңызға растау формасы келеді және іс-шара жақындағанда Сіз бағдарлама туралы толық ақпарат аласыз.