барлық жаңалықтар
22 қараша 2011

Екі аптаның ішінде Назарбаев Университетіне 709 талапкер тіркелді

22 қараша 2011

Осы мақаламен бөлісіңіз

Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан және басқа елдерден де келіп жатыр.

Тіркелген кандидаттардың 26% - астаналықтар, 19% - алматылықтар, 8% астам – Қарағанды облысын құрайды. Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 709 талапкердің ішінде – 364 қыз және 345 жігіт. Назарбаев Университеті естеріңізге салады: Университет 2012 жылы Foundation бағдарламасы бойынша оқыту жүргізбей-ақ, бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайды. Осы талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу жаңа жылда Университет сайтында ашылады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті: 010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115 +7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090

Ұқсас жаңалықтар