барлық жаңалықтар
4 наурыз 2024 #Оқиғалар#Ғылым

NU-дың 16 ғылыми қызметкері мемлекеттік наградалар мен ғылыми стипендиялардың иегері болды

NU-дың 16 ғылыми қызметкері мемлекеттік наградалар мен ғылыми стипендиялардың иегері болды

4 наурыз 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Марапаттау рәсімі 1 наурыз күні Түркістан қаласында өтті.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мәдениет қайраткерлері, университет ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру саласының басшылары мен студенттердің қатысуымен өткен марапаттау рәсімінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 75 жас ғалымға мемлекеттік стипендия мен марапаттарды табыс етті. Олардың ішінде бесеуі NU-да және National Laboratory Astana зертханасында стратегиялық маңызды жобаларда жасайды.

Жас ғалым Бақтияр Солтабаев Озық сенсорлар зертханасын басқарып ауа сапасы мен оның әртүрлі улы газдарың бақылауға арналған газ датчиктерін жасау бойынша ғылыми жобаға қатысады. NU SEDS ассистент профессоры Жанат Қаппасов Тактильді робототехника зертханасын басқара отырып студенттермен бірге әртүрлі сенсорларды, соның ішінде көзі көрмейтін адамдар үшін оқу механизмін және сүт безі қатерлі ісігінің диагностикалауға арналған тактильді қолғапты жасауда. SEDS ассистент профессорыі Ғалымжан Наурызбаев жасанды интеллект арқылы сымсыз желілер мен 6G қосымшалары саласында зерттеу жүргізеді. NU SSH биология кафедрасының докторанты және нұсқаушысы Әйгерім Солтабаева ауылшаруашылық өсімдіктерінің қоршаған ортаның өзгеруіне төзімділігін зерттеуге өз үлесін қосуда. Ал Биосенсорлар мен биоқұралдар зертханасының аға ғылыми қызметкері Әлия Бекмурзаева, профессор Даниэль Тоссидің жетекшілігімен талшықты-оптикалық желіге негізделген медициналық құрылғыларды, соның ішінде қатерлі ісік биомаркерлерін анықтауға арналған биосенсорды әзірлейді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөзінде білім мен ғылымды дамытуға қосқан орасан зор үлестері үшін ұстаздар мен ғалымдарға алғысын білдіріп, ғалымдар мен педагогтардың жобалары мен жетістіктерін кеңінен насихаттау жұмысы жалғасуын, сондай-ақ білім беру саласының дамуына үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысы, сондай-ақ ғылыми жұмыстардың ірі көрмесі өтеді.

Өткен жылдың соңында жарияланған «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша NU мен National Laboratory Astana зертханасының 11 ғалым-профессоры жаратылыстану, медицина және денсаулық сақтау, инженерия және технология саласындағы мемлекеттік наградалармен марапатталды.  Республика бойынша 50 адам байқаудың жеңімпаздары болды.

Осылайша, бір қатар NU SEDS ассистент-профессорлары «Үздік ғылыми қызметкер» байқауында марапаттарға ие болды. Олар: жасыл энергия және энергияны сақтау саласындағы жобаларды басқаратын Алмагүл Ментбаева,  микрофлюидика саласында зерттеулерін жүргізетін Гүлсім Құлшарова, аналитикалық-теориялық көзқарасқа сүйене отырып, телекоммуникация саласында зерттеулер жүргізетін Сұлтанғали Арзықұлов. 

Сондай-ақ жүлделерге NU SSH ассистент профессорлары: математикалық модельдеу мен есептеулерді қолдана отырып, жер қабаттарындағы сұйық және газ массаларының ағыны мен тасымалдануын болжайтын Аманбек Ерлан; органикалық күн жасушаларының қасиеттерін зерттеулерді жүргізетін Асхат Джумабеков; акушерлық және гинекология саласында маманы болып істейтін Медицина мектебінің ассистент профессоры Гүлжанат Аймағамбетова - ие болды.

National Laboratory Astana зертханасының ғылыми қызметкерлеріне, олардың ішінде энергия сақтау жүйелері зертханасының меңгерушісі Арайлым Нұрпейісоваға, осы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Әлия Мұқановаға, микробиом зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Самат Қожахметовке, биоинженерия және регенерациялық  медицина зертханасының меңгерушісі Шолпан Асқарова, сондай-ақ NU профессоры Жұмабай Бәкенов негізін қалаған «Батарея институты» ЖШС атынан NLA-дың жетекші ғылыми қызметкері Фаил Сұлтановқа марапатар берілді.

Ұқсас жаңалықтар