барлық жаңалықтар
1 тамыз 2023 #Баспасөзде

Жатақхана «жыры» жалғаса ма?

Жатақхана «жыры» жалғаса ма?

1 тамыз 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

"Айқын" газетінің журналисті Қазақстандағы университеттердің жатақхана тапшылығы туралы тергеу жүргізіп, қажеттілігі 70 мыңға жуық орынды құрап отырғанын анықтады.

Орын тапшылығы рейтингін Алматы мен Астана қалалары және Түркістан облысы басқарып жатыр.

Мақалада Назарбаев Университетінің жатақханасы туралы да мәлімет берілген. 2023-24 оқу жылындағы жағдай бойынша оның жатақхана қоры 4 796 төсек орнымен қамтылған. Бұл, докторантураны қоспағанда, барлық бағдарламалар бойынша студенттердің жалпы санының 71%-ін орналастыруға мүмкіндік береді. Университет жаз бойы жатақхана қорын ұлғайту үшін жұмыс істеп, орындардын саның 8%-ға көбейтті. Жалпы, жо­ғары оқу орнына дейінгі дайын­дық (Foundation) және бакалав­риат бағ­дарламалары бойынша оқитын ай­мақ­тардан, басқа қалалардан келген сту­денттің барлығы жатақханадан бас­па­намен қамтамасыз етілгені жазылған "Айқын". 

 

Ұқсас жаңалықтар