барлық жаңалықтар
15 сәуір 2023

Профессор Кристиан Шонбахты еске алу

Профессор Кристиан Шонбахты еске алу

15 сәуір 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Доктор Шонбахтың қайтыс болуы Назарбаев Университет қауымы үшін орны толмас қаза.

«Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымы (бұдан әрі – Назарбаев Университеті, НУ) Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінде биология кафедрасының меңгерушісі, университет қауымдастығының құрметті мүшесі, профессор, доктор Кристиан Шонбахтың қайтыс болғанын қайғырып, хабарлайды. Профессор, д-р Шонбах 2023 жылы 15 сәуірде кенеттен өмірден озды.
 
Бұл қаза Назарбаев Университетінің қауымдастығын күтпеген жерден есеңгіретіп тастады. Доктор Шонбах университетімізде Ғылым және технологиялар мектебінің биология кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді (2013-2016), 2018 жылдан бастап Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінде биология кафедрасын басқарды. Университет қауымдастығы профессор Шонбахты құрметті жетекші ретінде білді, доктор биология факультетінің, және бүкіл Назарбаев университетінің дамуына орасан үлес қосты. Профессор Шонбах кафедра меңгерушісі және НУ Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебі деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (STEM) сияқты көптеген қызметтерді атқарды. Доктор Шонбахтың стратегиялық ойлау мен ерекше ұйымдастырушылық қабілеттері бүгінгі биология факультеті мен Мектепті қалыптастыруға көмектесті. Профессор Назарбаев Университетінің дамуына Жапония мен Сингапурдағы жинаған халықаралық академиялық тәжірибесін қосты. Профессор 2016 жылы Халықаралық Есептеу Биологиясы қоғамының Азия-Тынық мұхит биоинформатика желісі өңірлік филиалының президенті болып сайланды. 

Д-р Шонбахтың қайтыс болуы Назарбаев Университет қауымы үшін орны толмас қаза. Біз осы қиын кезеңде д-р Шонбахтың отбасы мен достарының жеке өмірін құрметтеуге шақырамыз. Біз оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Ұқсас жаңалықтар