19 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз19 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қүрішбаев Nazarbayev University-ге келді.
Сапар аясында ол Университет президенті профессор Вакар Ахмадпен кездесіп, ғылым, технология және инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Экскурсия барысында қонаққа Университеттің жетекші ғылыми әзірлемелері таныстырылды. NU Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының атқарушы директоры Ербол Абсалямов AI бағытындағы MangiSoz, Oylan, Beinele секілді жобаларды таныстырды. Жаңартылатын энергия көздері зертханасында профессор Нұршат Нұражы күн панельдері бойынша соңғы жаңалықтармен бөлісті. Ақылбек Құрішбаев сондай-ақ Экологиялық жүйелер зертханасы мен Нанофабрикация орталығында болып, тұрақты технологиялар мен жаңа материалдар саласындағы зерттеулермен танысты. Сапардың соңында ол Электрондық микроскопия зертханасына барып, NU-дың пәнаралық зерттеу инфрақұрылымы жөніндегі директоры Айдос Баумуратов атомдық зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктерді ұсынды.
Ұлттық ғылым академиясының президенті университет ғалымдарының еңбегіне жоғары баға беріп, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.