барлық жаңалықтар
21 маусым 2024 #Оқиғалар

NU мен Висконсин-Мэдисон Университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

NU мен Висконсин-Мэдисон Университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

21 маусым 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Біз осы өзара түсіністік туралы меморандумның студенттерімізге, оқытушыларымызға және қызметкерлерімізге беретін мүмкіндіктеріне қуаныштымыз

NU халықаралық академиялық ынтымақтастыққа айтарлықтай қадам жасай отырып, Висконсин-Мэдисон Университетімен NU-дың 10-шы оқу бітіру рәсімі кезінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл ұзақ мерзімді және жемісті серіктестік 2010 жылда басталып, NU-нің жаңадан құрылған кезеңінде Висконсин-Мэдисон Университетінің қолдауымен және кеңес беруімен дамыды. Осы жылдар бойы қалыптасқан байланыстар мен достық екі оқу орны үшін де білім беру мен зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыратынына біз сенімдіміз.

Осылайша, екі оқу орны өзара тиімді ғылыми жобаларды, соның ішінде қолданбалы және қоғамдық бастамаларды зерттеуге бел буды. Жоспарларға өзара білім алмасу мен инновацияны ілгерілету мақсатында бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар өткізу кіреді. Екі университет те әкімшілік қызметкерлер арасында тәжірибе және кәсіби даму мүмкіндіктерімен бөліседі. Келісім студенттер мен оқытушылардың академиялық және мәдени өзара әрекеттесуіне ықпал ететін алмасу бағдарламаларын қамтиды. Оған қоса, магистратура және докторантура бағдарламаларын оқитын студеттерді бірлескен қадағалау, студенттер академиялық қолдау мен басшылықты нығайтылып жүргізілетін болады. Ынтымақтастық академиялық белсенділікті арттыру үшін докторантурадан кейінгі дайындық пен ғылыми зерттеулерге мүмкіндіктер береді. Екі тарап өзара қызығушылық тудыратын салалардағы іс-шаралар мен бағдарламалар туралы ақпаратпен бөліседі.

 

Ұқсас жаңалықтар