барлық жаңалықтар
17 сәуір 2024 #Оқиғалар

Cу тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созу: NU гуманитарлық көмек жіберді

Cу тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созу: NU гуманитарлық көмек жіберді

17 сәуір 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-дың қызметкерлері мен студенттері су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы тұрғындарына қажетті заттарды жіберді.

Еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты NU зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін белсенді шаралар қабылдады. Университет басшылығы мен ұжымы су тасқыннан зардап шеккен азаматтарды қолдау үшін ынтымақ акциясын бастады. Қайырымдылық науқанына NU Volunteers, NU Red Crescent сияқты студенттік ұйымдар мен Children Development Foundation Қоғамдық қоры белсенділікті танытып,  ақша жинаумен қатар университеттің кампусында жылы киім жинау пунктілерін ұйымдастырды.

Жиналған қаражатқа дренаждық сорғылар, бензиндегі электр генераторлары, мотопомпалар, резеңке етіктер, жаялықтар, төсек жинақтары мен гигиена құралдары сатып алынды. Ең қажетті заттарды Қостанай облысына жіберу туралы шешім қабылданды, онда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жалғасуда. Бүгінгі таңда өңірде 10 мыңға жуық адам құтқарылып эвакуацияланды.

NU студенттері мен қызметкерлері қайырымдылық акциялары мен еріктілер бағдарламаларын жиі ұйымдастырып, қоғамдық өмірдің белсенді қатысушылары болуға ұмтылады.

Ұқсас жаңалықтар