28 қазан 2019
Осы мақаламен бөлісіңізІс - шараны Назарбаев Университетінің "Жастар Парламенті-Астана"студенттік клубы ұйымдастырды. "Ең үздік фильм"номинациясы бойынша жас және талантты 6 режиссер бақ сынасты, ал тағы 7 номинация бойынша байқауға қатысушылар сыйлықтар мен жүлделерге ие болды.
26 қазан, 2019 жыл, Назарбаев Университетінде жыл сайынғы алтыншы "Annual Student Film Festival 2019" қысқа метражды фильмдер байқауы өтті. Іс - шараны Назарбаев Университетінің "Жастар Парламенті-Астана"студенттік клубы ұйымдастырды. "Ең үздік фильм"номинациясы бойынша жас және талантты 6 режиссер бақ сынасты, ал тағы 7 номинация бойынша байқауға қатысушылар сыйлықтар мен жүлделерге ие болды.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші іріктеу кезеңінде жастар парламентінің мүшелері қысқа метражды фильмдердің нобайнұсқаларын қарап, байқау шарттарына сәйкес 6 жұмысты іріктеп алды, олар конкурстың екінші кезеңі – ақтық кезеңіне жіберілді. Екінші кезеңде қазылар алқасы Назарбаев Университетінің кинотеатрында фильм көрсетілгеннен кейін 7 номинация бойынша жеңімпаздарды атады. Фильмдерді көрсету күні көрермендер онлайн-дауыс беру арқылы "көрермендер көзайымы сыйлығы" номинациясындағы жеңімпазды таңдады.
- "Annual Student Film Festival" фестивалі – бұл Назарбаев Университетінің студенттері өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсете алатын, өзекті тақырыптар мен өткір әлеуметтік мәселелерге өздерінің пікірін конкурстық жұмыстар арқылы жеткізе алатын платформа. Сонымен қатар, студенттер қазақстандық кинематографтың қайраткерлерінен объективті және кәсіби тұрғыда баға ала алады, – деді Жастар парламентінің президенті Дана Сардарбек.
Биыл қазылар алқасының құрамында:
Александра Поршнева – кино сыншысы, Қазақстан кино сыншылар қауымдастығының мүшесі және FIPRESCI мүшесі,
Медет Шаяхметов – кинорежиссер,
Арнай Ормаш – фотограф және продюсер,
Нияз Әбдіғапар – продюсер, актер және режиссер,
Аян Исин – мультипликатор,
Еңлік Егеубаева – кино сыншысы, brod.kz, oner.kz сайттары жарияланымдарының, "Вечерняя Астана" газетінің, "Шабыт" журналының авторы, Халықаралық студенттік кинофестивальдар мен форумдарды ұйымдастырушы.
VI "Annual Student Film Festival 2019" қысқа метражды фильмдер байқауының жеңімпаздары:
Естеріңізге сала кетейік, өткен "Annual Student Film Festival 2017" қысқа метражды фильмдер байқауында "Үздік фильм" номинациясында жас режиссер Әділет Әбіштің "Жел"жұмысы жеңімпаз атанды.