барлық жаңалықтар
28 қараша 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Баспасөз мәлімдемесі

28 қараша 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ КЕЗ КЕЛГЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» САЯСАТЫН ҰСТАНАДЫ.

Назарбаев Университетінің студенті әлеуметтік желіде жариялаған студенттер мен оқытушылар тарапынан сексуалдық алымсақтық жағдайлары туралы ақпаратқа байланысты 2022 жылдың 19 тамызында басталған сотқа дейінгі тергеу шағым болмағандықтан тоқтатылды.

Астана қаласы Полиция департаменті «Есіл» аудандық полиция басқармасының 2022 жылдың 2 қарашасындығы № 35-35-4-5/35-16967 хатына сәйкес «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Университет) студентінің «TikTok» әлеуметтік желісінде таратқан ақпаратты тексеру мақсатында сотқа дейінгі тергеу 2022 жылдың 13 қазанында Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлімі 5- тармағының негізінде тоқтатылды. Әлеуметтік желіде ақпаратты жариялаған студент Университетте оқуын жалғастыруда.

Университет кез келген зорлық-зомбылық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» саясатын ұстанатынын және кампус аумағында сексуалдық сипаттағы алымсақтық пен зорлық- зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді шараларды іске асыратынын атап айтамыз. Құрылған күннен бастап университет академиялық ортада кемсітушілік, харассмент пен буллингтің кез келген көріністерімен күресуде үздік әлемдік тәжірибені кеңінен қолданады. Университетте өзара сыйластық, сенім, әділдік және адалдық қағидаттарына негізделген студенттердің, оқытушылардың және басқа да қызметкерлердің мінез-құлқы мен қарым- қатынасын нақты реттейтін Әдеп кодексі және тиісті ішкі нормативтік құжаттар бар. Бұдан басқа, Университетте сенім телефондары жұмыс істейді, бұзақылық анықталған жағдайда
студенттердің шағымдануы үшін және де оларға жан-жақты көмек көрсету, оның ішінде әкімшілік, психологиялық көмек және заңгерлік кеңес беру қызметтері енгізілген.

«Біз студенттердің Назарбаев Университетінде оқуына және жүріп-тұруына қолайлы әрі қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге, студенттерді қолдауға бағытталған қызметтерімізді мақтан тұтамыз. Одан бөлек, біз еліміздің жауапты және белсенді азаматтарын тәрбиелеу мақсатында, студенттерді ортақ проблемалардың шешімін табуға тартамыз», - деп түсіндірді Университеттің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова.

Қазіргі кезде Университет әкімшілігіне құқық қорғау органдары немесе сот үкімімен расталған зорлық-зомбылық фактілері жөнінде мәліметтер келіп түскен жоқ. Өз кезегінде Назарбаев Университеті жалған ақпараттан тұратын мәліметтер таратылған жағдайда өз құқықтары мен беделін қорғауға дайын.

БАҚ өкілдерін тексерілмеген, арандатушылық сипаттағы ақпаратты жарияламауға шақырамыз, қосымша туындайтын сұрақтар бойынша Университеттің баспасөз қызметіне pressa@nu.edu.kz электронды поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар