1 маусым 2017
Осы мақаламен бөлісіңізСіздерді 2017 жылдың 9-11 тамыз аралығында Назарбаев университетінде өтетін «Наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған V халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына» (INESS-2017) қатысуға шақырамыз. Конференцияның ұйымдастырушылары «Институт аккумуляторов» ЖШС, National Laboratory Astana (NLA) және Назарбаев Университеті (NU) .
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2017 жылдың 9-11 тамыз аралығында Назарбаев университетінде өтетін «Наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған V халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына» (INESS-2017) қатысуға шақырамыз. Конференцияның ұйымдастырушылары «Институт аккумуляторов» ЖШС, National Laboratory Astana (NLA) және Назарбаев Университеті (NU) .
INESS Elsevier Inc. сайтындағы ғаламдық оқиғалар тізіміне енгізілген.
INESS-2017 конференциясының негізгі бағыттары:
Конференцияда Thompson Reuters семинарларымен сессия болады.
Мұқият тексерулер мен рецензенттің түсіндірмелеріне сәйкес өзгертулерден кейін конференцияда баяндалған жұмыстар жинақ түрінде импакт-факторы жоғары журналда басып шығарылады (Elsevier: SCOPUS компаниясы).
Конференцияға әлемнің озық елдерінен келген ғалымдар (Жапаноия, Корея, Қытай, Франция, Швейцария, Ресей, т.б.) қатысады және материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы дамулар мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі.
INESS-2017 конференциясының өту барысы бірнеше ТВ каналдарда, газеттер мен интернет-сайттарда баяндалады.
INESS-2017 ашық іс-шара, сондықтан барлық ғылым және білім, өндіріс саласындағы қызметкерлер мен студенттер, инвесторлар аталмыш конференцияға қатысуға шақырылады.
INESS конференциясы елімізде 2013 жылдан бері өткізіліп келуде (Астана, Алматы қ.). 2017 жылы конференцияға Жапония, Корея, Франция, Қытай, Ресей, Канада, БАӘ, Ұлыбритания, Түркия және Қазақстан мемлекеттерінен келген жетекші ғалымдары мен студенттері қатысады, сонымен қатар материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы жаңа жетістіктер мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі.
Толық ақпаратты www.iness2017.com ресми сайтынан ала аласыздар. Алдағы өткен конференция жөніндегі ақпаратты мұнда көре аласыздар.
Сіздермен INESS-2017 конференциясында кездесуді асыға күтеміз!
Құрметпен,
Ұйымдастырушы комитет төрағасы
Профессор Жұмабай Бакенов,
Инженерия мектебі, Назарбаев Университеті,
«Институт аккумуляторов» ЖШС,
Қабанбай батыр даңғылы, 53 Астана 010000 Қазақстан
Тел.: +7 7172 70 65 30; Email: zbakenov@nu.edu.kz
Веб-сайт: https://nu.edu.kz, batterykazakhstan.com