Құрметті NU Қауымдастығы!
Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және білім алушылардың психикалық әл-ауқатын қолдау мақсатында Университеттің Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті барлық қызметкерлер мен оқытушыларды Red Folder тренингіне қатысуға шақырады.
Red Folder — бұл университеттегі оқытушылар мен қызметкерлерге студенттің психологиялық немесе эмоционалдық дағдарысының белгілерін тануға және кәсіби әрі уақтылы қолдау көрсету үшін тиісті әрекет етуге көмектесетін жедел әрекет жөніндегі нұсқаулық.
Red Folder тренингі алғаш рет АҚШ университеттерінде студенттердің психикалық денсаулығына байланысты дағдарыстық жағдайларына әрекет ету бойынша қолдау қызметтерінің байланыс деректері мен нұсқаулықтары бар (қызыл папка) көрнекі ресурс ретінде енгізілген болатын. Қызыл түс әдейі таңдалып, жеделдік, маңыздылық және маңызды ақпаратқа тез қол жеткізуді білдіреді. Бүгінгі таңда Red Folder оқыту бағдарламасы әлемнің көптеген жетекші университеттерінде, соның ішінде Калифорния университеті Лос-Анджелесте (UCLA), Оңтүстік Калифорния университетінде (USC), Аризона университетінде, Остин қаласындағы Техас университетінде және Нортвестерн университетінде кеңінен танылып, қолданысқа енгізілген.
Red Folder оқытуы — университетте қауіпсіз, қолдаушы және жауапты орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл оқыту NU-де студенттердің психикалық денсаулығын қолдауға арналған жүйелі тәсілдің бір бөлігі болып табылады және дағдарыстық жағдайларда тиімді әрекет ету үшін қажетті білім мен сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі:
Ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында өтетін Red Folder тренингін өту үшін қызметкерлер мен оқытушыларға тіркеу формасы.
Тренингтің толық мәліметтері тіркелгеннен кейін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Сіздің әл-ауқатыңызға деген қамқорлықпен,
Психологиялық кеңес беру қызметі
Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті
Байланыс ақпараты: +7 777 927 8621 Агаева Клара