Құрметті Студенттер, Профессорлар Және Әріптестер!
Орталық Азия білім беру инновациялары мен трансформацияларды зерттеу орталығы (CARCEIT) сіздерді доктор Дүйшон Шаматов және Мир Афзал Таджик беретін вебинарына шақыруға қуанышты.
Күнтізбеңізге осы ақпаратты жазып қоюыңызды сұраймыз.
Жобаның атауы: «Мектеп 2030» бастамасы аясында Қырғызстан мен Тәжікстандағы мектептегі білім сапасына мүдделі тараптардың көзқарасы
Өтетін күні: 17 сәуір, 2024 жыл, Сәрсенбі, 14:00-15:00
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, С3 блогы, 2003 аудитория
Егер сіз бізге офлайн қосыла алмасаңыз, біз Zoom жүйесінде де вебинар қосамыз: https://nu-edu-kz.zoom.us/j/95605770334?pwd=T05rSzBwKzFpbkZtUlRIMXdKRU93UT09
Passcode: 700027
Дәріс тілі: ағылшын
-------------------------------------------------------------------------------------------
- Доктор Дүйшон Әлиұлы Шаматов-Назарбаев Университетінің Жоғары Білім Беру мектебінің доценті және Білім Берудегі Көшбасшылық (Инклюзивті білім, Жоғары білім және Мектепте білім беру) магистратура бағдарламаларының директоры. Доктор Дүйшон Ага Хан университетінің Білім Беруді Дамыту Институтында (AKU-IED) білім беру магистрі дәрежесін алды. 2005 жылы Канададағы Торонто университетінің Онтарио білім беру институтында докторлық диссертациясын қорғады. Оның докторлық диссертациясы "Посткеңестік Қырғызстандағы жас мұғалімдердің кәсіби әлеуметтенуі: қиындықтар мен күресу стратегиялары"тақырыбында болды. Доктор Дүйшонның Қырғызстанда, Қазақстанда, Пәкістанда, Тәжікстанда және Йеменде зерттеу және кеңес беру тәжірибесі бар. Оның қызығушылық саласына білім беру реформалары, ауылдағы білім және теңдік, мұғалімдерді даярлау, оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім сапасы және оқушыларды бағалау кіреді.
Доктор Дүйшон NU Teaching Awards сыйлығының: 2022 жылы “НУ тәжірибе алмасу”, 2020 жылы NU Master Teacher Award номинацияның бірінші сыйлығы, 2019 жылы "Оқытудағы көшбасшылық" сыйлығы және 2018 жылы "Инновациялық мұғалім" сыйлығының иегері болған. Оған қоса 2019 жылы Дюшон мырза Қырғыз Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің "Білім үздігі" медалін және 2020 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің "Алтынсарин" медалін алды.
- Мир Афзал Тәжік-Қазақстанның Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің Жоғары Білім Беру Мектебінің (NUGSE) доценті және Докторантура Бағдарламаларының Директоры. Ол Канаданың Торонто университетінің Онтарио білім беру саласындағы зерттеу институтында PhD дәрежесін және Пәкістанның Карачи қаласындағы Ага Хан Университетінің Білім Беруді Дамыту Институтында (AKU-IED) Білім Магистрі дәрежесін алды. 2016 жылдың қыркүйегінде NUGSE-ге келгенге дейін доктор Тәжік Доцент, уақытша Декан, Деканның Орынбасары, Магистратура Бағдарламаларының Жетекшісі және AKU-IED Ақпараттық-түсіндіру Орталықтары мен білім беруді дамыту бағдарламаларының Директоры сияқты басшылық қызметтерді атқарды. Ол Сондай-ақ Ауғанстан мен Тәжікстандағы AKU-IED әлеуетін арттыру бағдарламаларын басқарды.
Доктор Тәжіктің мектепте де, жоғары оқу орындарында да 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның оқытушылық және ғылыми қызығушылықтары білім берудегі көшбасшылық пен менеджментті, мектепті жетілдіруді, ағылшын тілінде орта білім беруді (EMI), мұғалімдерді даярлауды, сапалы зерттеулерді және қоғамдастыққа негізделген білім беруді қамтиды. Ол екі кітаптың қос редакторы болып, танымал халықаралық баспагерлермен бірге бірнеше тараулар мен мақалалар жариялаған. Доктор Тәжік Академиялық Адалдығы Үшін Назарбаев Университеті Сыйлығының (Kehinde Award, 2023) және 2009 жылы Қолданбалы Стипендиядағы Үздік Жетістіктері үшін AKU Сыйлығының иегері болған.
Байланыс ақпараты: carceit@nu.edu.kz