form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again
барлық оқиғалар
Ғылым 10 сәуір 2025, бейсенбі

NU SEDS 2025 жыл сайынғы ғылыми конференциясы!

#

NU SEDS 2025 жыл сайынғы ғылыми конференциясы!

10 сәуір 2025, бейсенбі Ғылым

Құрметті әріптестер және студенттер!

Назарбаев Университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында сіздерді NU SEDS-тің ғылыми конференциясына шақырамыз! «Орталық Азиядағы инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің болашағын түрлендіру» атты бұл маңызды шара 2025 жылғы 10-11 сәуірде өтеді.

Соңғы екі жыл бойы біз NU SEDS Ғылыми апталығын сәтті ұйымдастырып келдік, енді бұл шара толыққанды ғылыми конференция форматында өтеді. Дәстүр бойынша, конференция 12 сәуір – Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған, бұл ғылым мен зерттеудің ел дамуындағы рөлін ерекше атап көрсетуге мүмкіндік береді.

Конференция туралы

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) алғашқы ғылыми конференциясы жетекші ғалымдарды, оқытушыларды және студенттерді біріктіретін маңызды алаңға айналады. «Орталық Азиядағы инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің болашағын түрлендіру» атты тақырып ғылыми даму, шығармашылық және инновацияларды қолдайтын ынтымақтастыққа баса назар аударады.

Конференция бағдарламасы

  • Пленарлық сессиялар – әлемнің түкпір-түкпірінен келген 7 танымал спикердің баяндамалары
  • Мастер-кластар – инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы заманауи трендтер
  • Постерлік сессиялар – SEDS қауымдастығының жаңашыл зерттеулерін таныстыру
  • SEDS Voices – оқытушылар соңғы ғылыми жетістіктерімен бөлісетін алаң
  • «Three-Minute Thesis» (3MT) байқауы – зерттеу жобаларын қысқа әрі қызықты форматта ұсыну
  • Ғылыми жетістіктер сыйлығы – үздік зерттеулер жүргізген студенттерді марапаттау

Конференция бағдарламасы, спикерлердің баяндамалары, сессия тақырыптары және өткізу орындары туралы толық ақпарат ресми веб-парақшасында қолжетімді.

Конференцияға қатысу тегін, алайда алдын ала тіркелу міндетті. Тіркеу формасын ресми веб-сайттан таба аласыз.

Бұл айтулы шарада сіздермен жүздесуді асыға күтеміз!


Байланыс ақпараты: Зейнет Мусабаева Менеджер по маркетингу ШИЦН 8 778 533 21 59


Осы мақаламен бөлісіңіз

Осы айдың басқа оқиғалары

Ғылым 4 сәуір

Join Us: NU SEDS Annual Research Conference 2025!

Dear all, As a part of Nazarbayev University's 15th-year celebrations, we ar...
Ғылым 10 сәуір

[Publisher Session] Exclusive Trial Access & Webinar – History Commons Training

Мәдениет 18 сәуір

Book Discussion: The Catcher in the Rye by J. D. Salinger