Назарбаев Университеті қаңтар айында Студенттерді оқуға тартуды басқару офисы өткізетін онлайн-вебинарлар сериясына шақырады. Вебинарлар НУ-дың академиялық бағдарламалары, зерттеу бастамалары және белсенді студенттік өмір туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік береді.
Вебинар кестесі:
22 қаңтар – Магистратура және докторантураға қабылдау комиссиясымен сұхбаттауға дайындалу бойынша вебинар – тіркелу сілтемесі
29 қаңтар – NUET пайдалы кеңестері - open.nu.edu.kz сайтында тіркелуге болады
НУ-ның бірегей білім беру тәжірибесі туралы құнды ақпарат алу үшін сізді әлеуетті талапкерлер ретінде осы іс-шараларға қатысуға шақырамыз.
Өткен вебинарларды көргіңіз келсе open.nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса Талапкерлерді қолдау орталығына телефон арқылы хабарласуыңызға болады. +7 7172 642584, +7(747)0940230 және электрондық пошта арқылы: info_admissions@nu.edu.kz.
Құрметпен,
Студенттерді оқуға тартуды басқару офисы
Байланыс ақпараты: Applicants support center tel. +7 7172 642584, +7(747)0940230 and email info_admissions@nu.edu.kz