form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again
барлық оқиғалар
Conferences 26 мамыр 2023, жұма

2023 жылғы AAHCI Орталық Азия аймақтық конференциясы

#

2023 жылғы AAHCI Орталық Азия аймақтық конференциясы

26 мамыр 2023, жұма Conferences

Назарбаев Университеті Халықаралық Академиялық денсаулық орталықтары альянсымен (AAHCI) бірлесіп 2023 жылғы AAHCI Орталық Азия аймақтық конференциясын өткізуде. Кездесу 2023 жылғы 26-27 мамырда Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді. АҚШ, Еуропа, Катар, Түркия және басқа елдердің шетелдік спикерлері қатысады.

«Академиялық денсаулық орталықтары – қауымдастықтардың, ұлт және аймақтың экономикалық қозғалтқышы» тақырыбындағы бұл кездесу академиялық денсаулық сақтау орталығының басшыларына денсаулық сақтау жүйелеріндегі қиындықтарды зерттеуге және туындаған мәселелер бойынша ынтымақтастық әлеуетін білдіруге мүмкіндік береді.

Сессиялардың тақырыптары:

  • Академиялық медицинаның құндылығы: интеграцияланған денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық әсері.
  • Қоғамдық денсаулық сақтаудағы академиялық денсаулық орталықтарының рөлі. Азаматтардың әл-ауқаты және халық денсаулығы.
  • Медициналық-фармацевтикалық биокластерлер арқылы зерттеулер мен инновацияларды арттыру.
  • Академиялық денсаулық орталықтарындағы жұмыс күшінің ағымдағы және болашақтағы мәселелері.

Қызығушылық туындаған жағдайда www.web.cvent.com сайтында 2023 жылы 20 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз. Тіркелу мiндеттi және тегін.

Күні: 2023 жылғы 26-27 мамырда, 8:30-дан бастап

Өтетін орны: Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1

Қосымша ақпарат алу үшін Саида Шакенова, saida.shakenova@nu.edu.kz электрондық поштасы немесе +7(701) 249 12 51 телефоны арқылы хабарласыңыз.


Байланыс ақпараты: Saida Shakenova saida.shakenova@nu.edu.kz  +7 (701) 249 12 51


Осы мақаламен бөлісіңіз

Осы айдың басқа оқиғалары

Courses 10 мамыр

SciTechBootCamp 6.0

SciTech Bootcamp-бұл бакалавриат студенттеріне, магистранттарға және STEM док...
Ғылым 5 мамыр

NURIS TALKS: GIS Tech Startup Ideas

Courses 16 мамыр