Биыл Назарбаев Университеті өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы орайда сіздерді 15 Years Charity Run қайырымдылық жүгіру шарасына шақырамыз!
Бұл жай ғана спорттық шара емес, бұл – университет қауымдастығын біріктіріп, денсаулық пен бірлікті дәріптеп, ізгі іске үлес қосуға берілетін ерекше мүмкіндік.
Өтетін күні: 28 қыркүйек (жексенбі), 9:00-15:00
Өтетін жері: Назарбаев Университетінің кампусы
Қашықтықтар: 1 км (балаларға) | 5 км | 7 км
Сізді келесі қызықты белсенділіктер күтеді:
- Жеңімпаздарға сыйлықтар
- Есте қаларлық сәттерге арналған фотозоналар
- Дәмді тағамдар мен жеңіл-желпі ас
- Арнайы шақырылған қонақтар
- Қызықты ойындар мен белсенді іс-шаралар
- Ұмытылмас атмосфера және жаңа достар
Жиналған қаражат ауыр дертпен күресіп жүрген NU студенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталады.
Бізбен бірге жүгіріп, игі іс жасаңыз!
Қазір тіркеліңіз және қайырымдылыққа үлес қосыңыз!
Байланыс ақпараты: @cdf_kz
17 қыркүйек
Conferences
17 қыркүйек
Conferences