барлық хабарландырулар
2022, ақпан 16

НУ Медицина мектебі Резидентура бағдарламасына онлайн өтінімдердің ашылғанын қуанышпен хабарлайды

НУ Медицина мектебі Резидентура бағдарламасына онлайн өтінімдердің ашылғанын қуанышпен хабарлайды

НУ Медицина мектебінің Резидентура бағдарламасына онлайн-өтінім беру кезеңі 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап 2022 жылғы 06 маусымға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) қолжетімді болады.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
  2. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
  • IELTS тапсыру үшін код: NU
  • TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

2022, ақпан 16

Осы мақаламен бөлісіңіз