Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің “Іскерлік әкімшілендіру магистрі” және “Қаржы жөніндегі ғылым магистрі” бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау:
Шетелдік үміткерлер үшін 2022 жылғы 30 қарашадан бастап 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін);
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 30 қарашадан бастап 2023 жылғы 10 мамырды қоса алғанда (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін) жалғасады.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. «Submit application» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау;
5. IELTS (IELTS Online тестінен басқа) / TOEFL iBT (TOEFL Home Edition-нан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
- IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: NU
- TOEFL iBT (TOEFL Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Осы процестерді аяқтағаннан кейін өтінімге өзгерістер енгізілмейді.
Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.gsb@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті электрондық хаттарға келіп түсу реті бойынша жұмыс уақытында жауап береді. Осыған байланысты, өтінішті соңғы күнге дейін қалдырмауға кеңес береміз.