Назарбаев Университеті Іскерлік әкімшілендіру бакалаврының жаңа бағдарламасына қабылдауды бастайды.
Осы бағдарлама Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде 4 жылдық ақылы негізде оқуды ұсынады. Бағдарлама бойынша оқыту 2024-2025 оқу жылында басталады. Толық ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.
Іскерлік әкімшілендіру бакалавр бағдарламасына өтінім беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1) admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинетті ашу.
2) Өтінім беру нысынын толтыру.
3) Таңдалған санаттың ең төменгі талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен нәтижелерді ұсыну.
4) 2024 жылғы 27 наурызға дейін тіркелу жарнасын төлеу арқылы өтінім беру (Pay and Submit application). «SAT/ACT талапкерлері» санаты бойынша Жеке кабинетте сертификат болмаған жағдайда, SAT/ACT нәтижелерін undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберудің соңғы мерзімі 2024 жылғы 4 сәуірге дейін (Ресми электронды нәтижелерін Тест Орталығы арқылы НУ-ға жәберу);
5) Жеке кабинетіңіздегі нұсқауларға сәйкес 2024 жылғы 4 сәуірге дейін IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу.
Толық ақпарат пен конкурсқа қатысу талаптары «Қабылдау талаптары» бөлімінде берілген.
Қосымша әрекеттер:
Өтінім статусын бақылау үшін өтінім беру нысаныңда көрсетілген электрондық поштаны, сондай-ақ Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сұрау жіберуіңізді сұраймыз, міндетті түрде ЖСН (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмірді көрсетіңіз - Applicant ID.