NU өкілдерімен өз қалаңызда кездесіңіз!
NU-ға түсу емтиханы (NUET) аясында біздің қызметкерлер 2024 ж. ақпан мен наурыз айларында емтихандар өтетін қалаларда жеке консультацияларды өткізуді жоспарлап жатыр.
Егер сіз NU магистратура, докторантура және резидентурада оқу туралы ойланып жүрген болсаңыз, бұл біздің бағдарламаларымыз бен қабылдау процесі туралы көбірек білудің бірегей мүмкіндігі.
NU өкілдері сіздің қалаңызға келіп, білім беру орталықтарында сіздерді күтеді.
Консультация барысында сіз:
NU өкілдерімен танысып, бағдарламалар мен оқуға түсушілерге қойылатын талаптар туралы ақпарат ала аласыз.
NU-да оқуды қаржыландыру түрлері жайында білесіз.
NU-дың оқу ортасы туралы білесіз.
Оқуға қабылдау туралы кез келген сұрақтарыңызды қоя аласыз.
NU-ға сапарыңызды бастау үшін осы бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Тізімде өз қалаңызды тауып, бүгін тіркеліңіз.
17 ақпан 2024 14:00 - 18:00:
Алматы
24 ақпан 2024 14:00 - 18:00
Орал
Қарағанды
Атырау
Семей
Көкшетау
Шымкент
29 ақпан 2024 14:00 - 18:00:
Ақтөбе
2 наурыз 2024 14:00 - 18:00:
Петропавл
Павлодар
Өскемен
Тараз
Кызылорда
Қостанай
5 наурыз 2024 14:00 - 18:00:
Ақтау
Көріскенше!
Сұрақтарыңыз болса, Талапкерлерді қолдау орталығына +7(7172) 642584, +7 (747) 0940230 телефон нөмірлері арқылы немесе info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.