form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

"Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы", магистратура

Назарбаев Университетінің "Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы" (Master of Applied Artificial Intelligence & Data Science) магистратура бағдарламасы жасанды интеллект (AI), машиналық оқыту (ML) және деректер ғылымы (Data Science) салаларында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған қарқынды әрі инновациялық оқу жоспарын ұсынады. Бағдарлама теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастырып, студенттерге AI және Data Science технологияларын нақты мәселелерді шешуде қолдануға мүмкіндік береді.

Бағдарлама күндізгі бөлім студенттеріне де, жұмыс істейтін мамандарға да арналған және икемді оқу форматын, соның ішінде part-time режимінде білім алу мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі машиналық оқыту, статистикалық әдістер және деректерді талдау бойынша терең білім беруге бағытталған. Сонымен қатар, студенттер Data Science (DS), бизнес-аналитика, жасанды интеллект (AI), машиналық оқыту (ML), үлкен деректер аналитикасы, сондай-ақ AI-дың денсаулық сақтау және басқа да салалардағы қолданылуын қамтитын мамандандырылған пәндерді меңгереді.

Бағдарлама жан-жақты құрылып, жасанды интеллект пен деректер ғылымы саласындағы негізгі білімдер мен озық тақырыптарды біріктіреді. Негізгі курстар машиналық оқыту алгоритмдері, терең оқыту, табиғи тілді өңдеу және деректерді визуализациялау сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, студенттер нақты деректерге негізделген практикалық жобаларға қатысу арқылы өз дағдыларын шыңдап, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік алады.

Бұл бағдарламаға 3 толық гранттар бөлінген. Грант оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны және медициналық сақтандыруды қамтиды.

Толық ақпаратты NU SEDS парақшасында.

 

Жалпы ақпарат:

Кампус: Астана, Қазақстан

Тіл: ағылшын

Оқу түрі: гибридті, кампуста және онлайн

Ұзақтығы: 2 жыл

Жалпы ECTS кредиті: 90

 

Курстар:

Машиналық оқытудың теориясы мен практикасы

Үлкен деректер аналитикасы

Зияткерлік деректер талдауы және шешім қабылдауды қолдау жүйелері

Деректер ғылымына арналған ықтималдық және статистика

Жасанды интеллект

Бизнес-аналитика

Мәліметтер базасын басқару жүйелері

Процестер мен жобаларды басқару

Уақыттық қатарларды болжау

Медицинадағы жасанды интеллект

Табиғи тілді өңдеу

Терең оқыту

Модельдеу және симуляция

AI бойынша қолданбалы жоба

Озық жасанды интеллект

Этикалық жасанды интеллект

ЖИ бойынша қолданбалы жоба

Техникалық элективтер

 

Мансап

Applied AI & Data Science магистратура бағдарламасының түлектері жасанды интеллект және деректер ғылымы саласында табысты мансап құру үшін қажетті дағдыларды меңгереді. Олар келесі лауазымдарға үміткер бола алады:

Data Scientist (деректер жөніндегі маман)

Artificial Intelligence Engineer (жасанды интеллект инженері)

Machine Learning Engineer (машиналық оқыту инженері)

Data Analyst (деректер аналитигі)

AI Developer for Healthcare Solutions (денсаулық сақтау саласына арналған AI шешімдерін әзірлеуші)

Бағдарлама жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер үлкен деректерді талдап, интерпретациялауға, жасанды интеллект модельдерін әзірлеуге және деректерге негізделген шешімдер құруға қабілетті болады. Сонымен қатар, бағдарлама деректердің құпиялылығын сақтау мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл дағдылар түлектерді, әсіресе, деректер қауіпсіздігі аса маңызды денсаулық сақтау және қаржы салаларында жоғары сұранысқа ие маман етеді.

* "Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы" бағдарламасына түсуге қатысты сұрақтар бойынша  хабарласуға болады:  yenlik.molgozhdarova@nu.edu.kz, 8 7172 70 66 13

 

Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру

Сен кімсің?

Курс

Full time
  • Full time
  • Part time
  • Distance
+ Year Adboard
  • + Year Adboard
  • + 4 Years Adboard
  • + 2 жыл
  • Басқа
Растау коды

Біз сізбен байланысу үшін жеке мәліметтеріңізді жазып алыңыз

Курсыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеңіз.