Біз туралы

Еуропалық университеттер қауымдастығы

Біз НУ-дың Еуропалық университеттер қауымдастығының (European University Association) жеке мүшесі болғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. EUA 47 елден 850-ден астам мүшені біріктіретін Еуропадағы жоғары оқу орындарының кең желісі болып табылады.

Ұйымға мүшелік сарапшылар топтар мен жобаларға қатысу арқылы жоғары білім мен ғылымның даму үдерістерін қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді. Мүшелік жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға да, сондай-ақ еуропалық жоғары оқу орындарының озық тәжірибесімен танысуға да мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, НУ қоғамдастығы ЕUA және басқа еншілес ұйымдар ұйымдастырған институционалдық даму жобаларына, іс-шаралар мен конференцияларға төмендетілген бағамен қатысу мүмкіндігін алады.

Толығырақ ақпарат осында.

 

EUA IEP бойынша институционалдық бағалау

Назарбаев Университеті 2017-2020 жылдар аралығында академиялық сапа, ғылыми-зерттеу қызметі мен стратегиялық басқарудың тәуелсіз сыртқы бағасын алу үшін Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасына (IEP) қатысты.

НУ сыртқы бағалаудың бастапқы және кейінгі кезеңдерін сәтті аяқтады және өзін-өзі жетілдіру бойынша күш-жігерін жалғастыруда. Тиісті есептер IEP EUA веб-сайтында қолжетімді.