Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (NURCE) сіздерді "Together we have it all - Women's entrepreneurship in Kyrgyzstan's community based tourism sector" атты әңгімелеу әдісіне негізделген кітаптың тұсаукесеріне шақыруға қуанышты.
Қоғамдастыққа негізделген туризм (CBT) – жергілікті қауымдастыққа тиесілі және басқаратын туризм секторындағы кәсіпкерлік қызмет түрі. Соңғы екі онжылдықта CBT көптеген дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде, соның ішінде Қырғызстанда тұрақты және әлеуметтік инклюзивті туристік қызметті дамытуға көмектесетін механизмге айналды. Қырғызстандық CBT моделі экономикалық қорларды сәтті қалыптастырады және көшпелілердің жергілікті ортасы мен мәдениетін қорғай отырып, ауылдық жерлерде кедейшілікті азайтуға ықпал етеді, сонымен қатар жергілікті халыққа балама табыс пен жұмыспен қамтуды ұсынады. Бұл кітапта біз CBT-тің қабылдаушы мен қонақ арасындағы терең қарым-қатынасқа ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, мәдениетті сақтауға, әлеуметтік жауапкершілікке және өмір сүру деңгейіне ықпал ететінін көрсететін 18 оқиғаны ұсынамыз. Бұл кітапта біз айтып отырған әңгімелер олардың Қырғызстан экономикасын, туризм секторын және қоғамын дамытуға қосқан үлесін ашып, мәнін көрсетеді. Осы арқылы біз 5 «Гендерлік теңдік» және 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға және ілгерілетуге үлес қосу ниетімізді білдіреміз.
Күні: 7 сәуір, 2023 жыл (жұма)
Уақыты: 15:00 (шайга үзіліс)
Орналасқан жері: 1009 блок С3
Сондай-ақ NURCE жоба аясында өтіп жатқан деректі фотосуреттер көрмесін ұсынатынын хабарлаймыз. Бұл көрме кітаптағы барлық 18 ханымның хикаяларын деректі фотосурет арқылы ұсынады. Көрменің өтетін орны - атриум (С3 және С4 блоктары арасындағы кеңістік) 1-7 сәуір аралығында. Сізді сонда көреміз деп үміттенеміз!
Байланыс ақпараты: Assel, 8 747 795 79 47 assel.abdrakhmanova@nu.edu.kz
5 сәуір
Courses
5 сәуір
Public Talks