Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі студенттер мен оқытушыларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Ренат Бектұровпен эксклюзивті сұхбатқа шақырады. Сұхбатты Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің деканы жүргізеді.
Ренат Нұрмолдаұлы қаржылық қызмет көрсету саласында 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, AIX бұрынғы Басқарма төрағасы. Бұған дейін АХҚО Әкімшілігінің активтерді басқаруды дамыту бөлімін басқарды, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясында Қазынашылықты басқарды. Бектұров мырза сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкінде жұмыс істеді және ТМД аймағындағы сукук алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысты. Ренат Нұрмолдаұлы Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленді, сондай-ақ сертификатталған қаржы анадәрежесіне ие (CFA Charter Holder).
Күні: 15 ақпан 2025 ж.
Уақыты: 17:00 – 18:00
Орыны: C3 блогы, Red Hall, Назарбаев Университеті
Бұл шара NU студенттері мен оқытушылары үшін ашық. Қазақстанның жетекші қаржы сарапшысынан баға жетпес білім алуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Егер сіз қонақ болсаңыз, кампусқа кіру үшін форманы толтырыңыз: https://forms.gle/rE7oPZYKGuTR1vwc7
Байланыс ақпараты: malika.zheldybayeva@nu.edu.kz
5 ақпан
Info-sessions
27 ақпан
Мәдениет