Құрметті әріптестер және студенттер!
Назарбаев Университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында сіздерді NU SEDS-тің ғылыми конференциясына шақырамыз! «Орталық Азиядағы инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің болашағын түрлендіру» атты бұл маңызды шара 2025 жылғы 10-11 сәуірде өтеді.
Соңғы екі жыл бойы біз NU SEDS Ғылыми апталығын сәтті ұйымдастырып келдік, енді бұл шара толыққанды ғылыми конференция форматында өтеді. Дәстүр бойынша, конференция 12 сәуір – Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған, бұл ғылым мен зерттеудің ел дамуындағы рөлін ерекше атап көрсетуге мүмкіндік береді.
Конференция туралы
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) алғашқы ғылыми конференциясы жетекші ғалымдарды, оқытушыларды және студенттерді біріктіретін маңызды алаңға айналады. «Орталық Азиядағы инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің болашағын түрлендіру» атты тақырып ғылыми даму, шығармашылық және инновацияларды қолдайтын ынтымақтастыққа баса назар аударады.
Конференция бағдарламасы
Конференция бағдарламасы, спикерлердің баяндамалары, сессия тақырыптары және өткізу орындары туралы толық ақпарат ресми веб-парақшасында қолжетімді.
Конференцияға қатысу тегін, алайда алдын ала тіркелу міндетті. Тіркеу формасын ресми веб-сайттан таба аласыз.
Бұл айтулы шарада сіздермен жүздесуді асыға күтеміз!
Байланыс ақпараты: Зейнет Мусабаева Менеджер по маркетингу ШИЦН 8 778 533 21 59
4 сәуір
Ғылым
10 сәуір
Ғылым